2322-нұсқа 1-мәтін Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы
отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты, қанаты
нашар жетілген. Қоразының түсі қара, оның қанат, құйрық қауырсындары ақшыл. Мекенінің түсі
қоңыр болып келеді.
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктін ұрығын,
жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді.
Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді.
Түйеқұстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады.
1.
Түйеқұс қандай жерді мекендейді?
A)
Орманды алқапты
B)
Өзен жағасын
C)
Егінді даланы
D)
Құмды даланы
E)
Тоғай ішін
2.
Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі
A)
Еті пайдалы
B)
E
H
жүйрігі
C)
Мамығы пайдалы
D)
Түсі қара
E)
Қауырсындары ақшыл
2-мәтін Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға
дейін жүмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннін бірінде бойдақ
болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», - деп ойлайды.
«Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай ойымен түн
сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйінің алдындағы қорасына апарып
тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін,
жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі
жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып
үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы
қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің
қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді.
Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын
тыя алмады.
3.
Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды?
A)
Досына қарыз болғандықтан
B)
Досы отбасын асырай алмағандықтан
C)
Досына көмектескісі келгендіктен
D)
Өзі үйленбеген, бойдақ болғандыктан
E)
Досы өтініш жасағандыктан
4.
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A)
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
B)
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
C)
Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,
Жер - қазына саусаң да таусылмайды.
D)
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
E)
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
5.
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)
Ниттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету
B)
Үлкенді сыйлауды дәріптеу
C)
Адал еңбек етуге шақыру
D)
Көркем мінезді үлгі ету
E)
Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру
6.
Неліктен достардың өнімі азаймады?
87474320427 171
A)
Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан
B)
Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан
C)
Жерлері құнарлы болғандықтан
D)
Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан
E)
Өнімді көп жинағандықтан