3-мәтін Tay етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге
тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз аяқ жолдың жағасында
бармақтай-бармактай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен алысқа, көкпеңбек
аспанға телміреді.
- Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
- Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып
тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз.
- Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
- Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
- Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар.
- Е, неге, біз де жол тауып алайық та.
- Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы
тарайды. Ал гүлдің ұшқаны - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында жаншылып
жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан
бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп,
Қадала жерге қарайды.
Жарығын төгіп,
Бақытқа соны балайды.
Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
7.
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A)
Жақсы сөз - жарым ырыс
B)
Арманның үлкен, кішісі болмайды
C)
Жол мұраты - жету
D)
Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
E)
Таң атпаймын десе, күн қоймайды
8.
Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді?
A)
Қайрат-жігері
B)
Мақсатшылдығы
C)
Даукестігі
D)
Талапшылдығы
E)
Арманшылдығы
9.
Мәтіннің стилі
A)
Көркем әдебиет
B)
Публицистикалық
C)
Ғылыми
D)
Ресми іс кағаздар
E)
Ауызекі сөйлеу
10.
Мәтіннін тақырыбына лайық атау
A)
Қызғаншақ құмырсқа
B)
Арманшыл гүлдер
C)
Орындалған арман
D)
Гүлдер айтысы
E)
Қызыл қанат көбелек
11.
Гүлдердің армандауына себеп болған не?
A)
Жел
B)
Жұлдыздар
C)
Көбелек
D)
Құмырсқа
E)
Қарағай
12.
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттін қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар» деген
сөздері қандай мақсатпен айтылған?
A.
Қанаттандыру үшін
B.
Қол үшын беру үшін
C.
Көңілін көтеру үшін
D.
Босқа үміттендірмеу үшін
E.
Жігерлендіру үшін