Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет177/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

4-мәтін 
1.
Tay іші. Иен жайлау. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі 
тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, есімдік 
атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия 
жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстап, көкке 


87474320427 178 
шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-
таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды. 
2.
Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, 
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
3.
Кеш батысымен йен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін-еркін тіміскелейді. Көш жолдарына
айдалған мал ізіне түсіп, тұмсыктарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері-терсек, 
жүн-жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты-торымды іздеп сандалады. 
Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
4.
Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға 
оранған. Бұл - Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы. Нардың 
жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5.
Арғы бетке өтетін жолаушы қиын да болса, көбінше, осы шыңнын желкесімен асатын. Өйткені, 
өркеш-өркеш тауларға, терең кұздар мен тентек өзендерге сокпай өтетін ең төте жол осы, Биік жалдың 
басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі 
табаныңның астында жатады. 
6.
Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір 
оқшау биігіне көтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. Кеудесі 
сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсін-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатын 
алған қырсык асудың төбесіне бір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, 
өршелене қайта ұмтылады. 
7.
Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың 
үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына 
сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса 
«мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ 
шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында 
бірталай тұрып қалды. 
8.
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шыкты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, 
тұла бойын суық қармап сірестіре бастады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, 
ілгері жүріп кетті. 
9.
Бір тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап, тез төмендеді. Көк жапап, 
жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып 
жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
10.
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн 
жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған карттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп 
барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық 
жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, - деді талмаусырап жатып, - жолдың көбі кетіп, азы қалды». 
13.
«Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор 
кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді? 
A)
Қамсыздығын 
B)
Қиналысын 
C)
Шарасыздығын 
D)
Асығыстығын 
E)
Үмітін 
14.
Мәтіннің стилін анықтаңыз 
A)
Публицистикалык 
B)
Ғылыми 
C)
Ic қағаздар 
D)
Көркем әдебиет 
E)
Ауызекі сөйлеу 
15.
Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз 
A)
Жігіт 
B)
Жігіт ағасы 
C)
Бозбала 
D)
Орта жастағы адам 
E)
Қарт адам 
16.
Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі 
A)
Ұзақ жол 
B)
Жеңіл жол 
C)
Қатерлі жол 
D)
Ауыр жол 
E)
Tөте жол 
17.
Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі 
A)
Көктем 
B)
Кыс 
C)
Күз 
D)
Жаз 
E)
Жазгытұры
18.
Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелетін азат жол 
A)
Оныншы 
B)
Алтыншы 
C)
Жетінші 


87474320427 179 
D)
Тоғызыншы 
19.
Бесінші Мәтіннен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз 
A)
Екінші 
B)
Оныншы 
C)
Үшінші 
D)
Алтыншы 
E)
Сегізінші 


87474320427 180 
20.
Табиғат көрінісі суреттелген азат жол 
A)
Үшінші 
B)
Бірінші 
C)
Алтыншы 
D)
Сегізінші 
E)
Екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет