Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет20/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

1316-нұсқа 
1-мәтін 
 
Адыраспан туралы ақиқат... 
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада 
қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. 
Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-
бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. 
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «Адыраспан» деп 
аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын 
алуан түрлі бәле- жаладан сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле- 
жаладан шаңырақты аластайтын болған. 
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-
ибасын қатаң сақтаған. 
1. Мәтін мазмұнына сай емес сөйлем 
A) Адыраспанды жұлып аларда ережелерін қатаң сақтаған. 
B) Біздің ата-бабаларымыз өсімдіктердің қасиетін жақсы білген. 
C) Адамзат тіршілігінде өсімдіктер әлемінің орны зор. 
D) Медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздайы 
адыраспаннан алынады. 
E) Атам қазақ адыраспанды киелі деп санаған. 


87474320427 
20
2. Ата-бабаларымыздың адыраспанды үйдің босағасына іліп қоюының мәні 
A) Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен 
B) Үйдің ішін ыстау үшін 
C) Шипалық қасиеті мол болғандықтан 
D) Ата-бабаларымыздан қалған дәстүр болғандықтан 
E) Өсімдік әлеміндегі орны зор. 
 
2-мәтін 
Теңіз жұлдызы 
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі жерден бір нәрселерді алып теңізге лақтырып жатқан бір 
баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ 
болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына 
толып-ақ қалған екен. 
- Сен не істеп жатырсың? - деп сұрайды әлгі кісі. 
- Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, - дейді бала таңырқап. 
- Бұл ақымақтық қой! - дейді әлгі адам, - қарашы, олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. 
Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? 
Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып: 
- Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні үлкен, - депті. 
3. Мәтін мазмұнынан тыс ой 
A) Бейтаныс адам C) Жұлдызды аспан E) Теңіз жағасы 
B) Теңіз жұлдыздары D) Мейірімді бала 
4. Баланың соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Жамандық жақын, жақсылық алыс 
B) Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды 
C) Еңбегі аздың - өнбегі аз 
D) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 
E) Көп - қорқытады, терең - батырады 
5. Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме 
A) Тентек C) Сотқар E) Мейірімді 
B) Қызба D) Қырсық 
6. Баланың соңғы сұраққа жауап бергендегі іс-әрекеті 
A) Ойланады C) Ашуланады E) Таңырқады 
B) Үндемейді D) Ұялады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет