31
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде
осы білімді қолдану;
(Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.14-б)
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушыларға мәтіндегі негізгі
оқиғалар жайлы, одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне
түсіруді тапсырдым. Жазуға уақыт бердім. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең
жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды.
Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда қолданған әдістердің бірі «ыстық орындық».Әр топтан бір оқушы алға
шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді .Кейбір оқушылар
рөлге кіріп кейіпкерді
сипаттап та береді. «Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қойып
отырды.
Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:
Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді –кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою;
Сыңаржақтылықтың болмауы:
барлық қорытындыларды бағалау; баламалы интерпретацияларға ашық болуға
ұмтылу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық.54-б)
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,
дәлелдерді талдайды, мағынаны
анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.
Қорыта келе сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық
ахуал қалыптасты. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, бір-біріне құрметпен қарауға үйренді.Сыни
тұрғыдан ойлау
арқылы өзін-өзі бақылау,сөйлеу,тыңдау қабілеттері артты. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық
жұмыстарға қабілеттері артты.
Достарыңызбен бөлісу: