Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА МӘТІНДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет31/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА МӘТІНДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
Ахметова Жанар Ерсейтовна 
№ 86 мектеп-гимназиясы 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 
Бүгінгі 
заманның күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге 
жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Міне, мұның 
бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады. 
Осыған байланыста елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. 
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани 
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, 
оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына
 
үйрету. 
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Мәтін – бұл жалпы 
(бір) тақырып төңірігіндегі ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін – қазақ тілін оқыту 
барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, 
екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін 
қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы 
логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі 
жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. 
Оқушыға сыныптан тыс терең білім алу үшін қосымша әдебиетті көп оқып, талдау қажет. Ал осы мақсатты іске 
асырудың тиімді жолы – шығармашылық жұмыстар мен жаттығу әдісі. Сөз оқушының қиялын байытып, ой-сезімін 
жандандыра түседі. Қазақ тілі сабағы әрі тіл, әрі әдебиеттік оқу міндетін атқарады. Мәтінді оқу арқылы оқушы дұрыс 
оқуға, сөйлей білуге, әрі сауатты жазуға, әңгіменің идеялық мәнін анықтауға, логикалық талдау жасауға баулиды. 
Кейбір мәтіндерді оқу барысында балалардың назарын оның мазмұны мен ондағы тың деректерге назар аудару 
керек. Мәтінді оқудағы басты мақсаты – оның мазмұнын түсіну. Мәтінмен жұмыстың тіл дамытуға, сөйлем құруға 
қатысы бар. Мәтіннің айтылу нормасын дұрыс сақтап оқумен қатар, оның мағынасын оқушы қалай түсінгенін байқау 
үшін сұрақтар қойылады. Сұрақтарға мәтіннің мазмұнын ашатын ауызша, жазбаша жауап беру, сөйлем құрау – 
оқушының тілін дамытуға баулиды. Оқушының тіл байлығын дамытатын – тұрақты сөз тіркестері. Мәтін немесе көркем 
шығарманы оқығанда тұрақты сөз тіркестеріне ерекше мән беру, түсіндіру, пайдалану жақсы нәтиже беретіні анық. 
Сонымен қатар мәтінен мақал-мәтелдерді табу, мән беру, айырмашылығын түсіндіру. Стиль – көркемдеп сөйлеудің 
амал-тәсілі. Ғылыми стильді мәтіндерде жиі қолданса, оқушы көп ізденеді. Әсіресе, көркем мәтін мен ғылыми мәтінді 
жиі алып, талдау жасау керек. 
Бүгінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдету мақсатында «Мәтін және сөйлем» вариативтік компонент курсы 
5-7 сыныптар аралығында пән ретінде беріледі. Жалпы сағат саны – 34 сағат. Вариативтік компонент курсының 
тақырыптары мектеп бағдарламасына сәйкес құрылды. Негізгі сипаттамасы әрбір оқушының жауапкершілігін, 
талпынысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыруын, әдебиетке және тілге деген қызығушылығын, коммуникативтік 
құзырлықты, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.
Мәтінмен жұмыс түрі әр сыныпта бөлімдерге бөлінген. 
5-сыныпта
«Түсіну және жауап беру» бөлімінде көркем 
шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау, талдау және жоспар құру, әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай 
білу, көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау, шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тілдік 
сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
6-сыныпта
«Анализ және интерпретация» бөлімінде әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-
тәсілдерді талдау, шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау, көркем шығарманың тіліне, көркемдегіш 


34 
құралдардың қолданысын талдау, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу, тілдік 
сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу дағдыларын жалғастырады.
7-сыныпта
«Бағалау және салыстыру» бөлімінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру, 
әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, шығарманың құндылығын талдап, 
әдеби эссе жазу, әдеби шығармаларды талдауп, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын 
дамыту, тілдік сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу дағдыларын жалғастырады. 
«Мәтін және сөйлем» вариативтік компонент курсының бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5,7-сынып «Жұмыс 
дәптері» мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік көмекші құрал ретінде құрастырып шықтым. 
«Мәтін және сөйлем» вариативтік компонент курсының сабақтарында нақты іс-әрекет мәтін арқылы жүзеге асады. 
Оқушының ойын да, тілін де дамытудың негізгі қазығы – мәтін. Бүгінгі сабақ – дамыта оқытуға негізделген сабақ. 
Білімнің ең негізгісін ала білу, салыстыру, қорытынды жасау, өз бетімен белгілі бір нәтижеге жету оқушының өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыруда жететін мақсат болуы керек.
 
5,7-сыныптарға арналған «Жұмыс дәптерінің» басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыру үшін тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше еңбектенуге, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды 
жасауға үйрету.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, 
жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды 
басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік 
төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Тапсырмалар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым 
түрінде қарастырылды.
Оқушы «тыңдалым»
кезінде
 
мәтінді
 
үнтаспадан тыңдайды. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлерін бір сөйлем 
арқылы жазады.
Мәтінді оқу арқылы оқушы дұрыс оқуға, сөйлей білуге, әрі сауатты жазуға, әңгіменің идеялық мәнін анықтауға, 
логикалық талдау жасауға және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады. 
Сіздердің назарларыңызға 7-сынып «Жұмыс дәптерінің» 35-36 беттерінде Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» 
әңгімесін ұсынбақшымын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет