Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұру.
Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
|
Шеңбер ішінде балалар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, бүгінгі сабақта сәттілік тілейді
|
презентация
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?
1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Жолда жүру ережесі видеоролик
|
Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала
|
презентация
https://youtu.be/Bo7mgQwTbuw
|
Ортасы (14 мин)
|
Жұмбақтар шешу:
1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
«Қасқыр мен Қоян»
Қоян: - Ой, Қасқыр саған не болған? Қасқыр: - Ештеңе болған жоқ. - Онда неге аяғың ақсаңдап қалған? - Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп... - Сен не көлікке жабысып жүрсің бе? - Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе? - Баратын жеріме тез жетейін деп... - Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе? - Көрдім - Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой. - Ал егер асығып тұрсам ше? - Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек. - Жол ережесін? - Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек. - Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады? - Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады. - Қоян, жол ережесі деген не ол? - Ал сен оның не екенін білмейсің бе? - Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.
|
Оқушылар жұмбақтардың жауабын табады
Оқушылар әңгімені мұқият тыңдайды
|
Презентация
|