48
ортасында: Мәтінмен жұмыс «Әрекет» жаттығуы арқылы жұптық жұмыс орындалды. Әр жұп екі сұрақтан дайындап,
басқа жұптарға қойды. Топтық жұмыста «Венн диаграммасы» әдісін қолдандық. І-топ: Күкірт диоксидінің қасиеттері,
формуласы, ерекшелігі, ІІ-топ: Күкірт триоксидінің қасиеттері, формуласы, ерекшелігі, ІІІ-топ: H2S-нің қасиеттері,
формуласы, ерекшелігі.
Әр топ бір-бірін «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалады. ҚБ тапсырмалары орындалды. Сонымен қатар дәстүрлі
тапсырмаларды сабақ тақырыбына сай жаратылыстану ғылыми сауаттылығы (ЖҒС) тапсырмаларына айналдырып
сабақта пайдалану білім алушылардың қолдану, талдау деңгейлерін қалыптастырады. Мысалы, карбон қышқылдары
тақырыбында дәстүрлі тапсырманы ЖҒС тапсырмасына қалай айналдырғанымды көрсеткім келеді.
Дәстүрлі & ЖҒС. Сірке қышқылы сүйекке әсер еткенде кальциймен әрекеттеседі, нәтижесінде…
А. Сүйектер күшейтіледі;
В. Сүйектер жұмсақ болады;
С. Сүйектер бұзылады;
Д. Сүйектер өзгеріссіз қалады. «Резеңке жұмыртқалар мен сүйектер». Сүйектердегі кальций оларды қатты және
күшті етеді. Жас ұлғайған сайын сіз кальцийді толтырғаннан гөрі тезірек азайтып алуыңыз мүмкін. Егер сүйектеріңізден
тым көп кальций жоғалса, олар сынғыш болып кетеді.
Сіз кальций жоғалған кезде сүйектермен не болатынын тәжірибе арқылы тексере аласыз. Бұл тәжірибені жүргізу
үшін сізге қажет: қатты қайнатылған тауық жұмыртқасы, тауық сүйегі, 2 кесе, сірке суы. Жұмыртқа мен сүйекті әртүрлі
стаканға салыңыз да, оларды сірке суымен толтырыңыз. 4 күннен кейін жұмыртқа мен сүйекті алып, ағын сумен ақырын
шайыңыз. Тәжірибені сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз. Жаңа білім алу үрдісі білімалушыларды
шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді.
Бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып білу заман
талабы. “Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделері үшін және бүкіл адамзат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым
кемелдене түседі” деген Д.И. Менделеев. Олай болса, сапалы білім табысты оқуға қол жеткізу басты талап екендігін
ескере отырып, бүгінгі таңда оқушыларымызға білім берілуімен маңызды емес, маңыздысы – білім беру сапасын көтеру
және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары адам болып қалыптасуына ықпал жасау
біздің міндетіміз деп ойлаймын.
Және де Абай Құнанбаевтың “Бұлақ көрсең көзін аш” деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, бар мүмкіндікті
пайдаланып, өзіміз тәрбиелеп жатқан білімалушыларымыздың рухани-адамгершілік қабілеттерін, сауаттылықтарын
дамытуды парызымыз деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: