6
пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен
болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал
етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде
оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады және оқушылардың логикалық ойлауы мен зерттей
білу дағдылары алдыңғы қатарға шығады. Мұның барлығы ұстаздарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушылар
аталған қасиеттерді дамытып зерттеу әдістерін меңгеруіне бірден-бір себепші ұстаз. Сондықтан да, ұстаздардың өзі
«зерттеуші мұғалім» болуы заман талабы.
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының
кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы — оның жан-жақты
білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді,
шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ. Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен
айналысуын қажет етеді.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту қазіргі уақыт
талаптарының бірі болып отыр, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жасалған жаңа
бағдарлама дүниежүзілік бәсекелестікке қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады. Кез келген ғылым саласы
секiлдi педагогика ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар және олар өзiндiк ерекшелiкке ие.
Қазіргі уақыттағы басты мәселелердің бірі — бәсекелестікке барынша қабілетті, келешекте өз білімін еркін қолдана
алатын, өзін-өзі басқара алатын оқушыларлы тәрбиелеу болып табылады. Қазақстан Республикасының болашағы
білімді, білікті, саналы, патриот қазақстандықтарды тәрбиелеу ерекше жауапкершілікті қажет етеді, ол білім алушы
жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға, жоғары білімді, алған білімдерін іске асыруға
үйретуді міндеттейді, ол өз кезегінде кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: