Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
б) зерттеу пәні;
в) зерттеу тақырыбы;
г) болжам.
№ 2
дәріс
Ғылыми білім танымдық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.
Ғылым әрекет ретінде.
2.
Әдіснама – ғылымды тану жолы.
3.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғылым
– адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның
практикалық кызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында
ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей
ӛндірістік күшіне айналды. Fылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының
негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру
және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен,
адам баласының танымдық және ӛндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай
тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр, Үндістан.
Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары
калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады.
Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас, жан-жақты танымдық
жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды.
Бірақ, бұл
нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық
кӛңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты. Ежелгі Грекияда дамыған
ғылым (Аристотель жэне т.б.) қоғам мен табиғат зандылықтарын ашып,
мәдениет тарихында ұлы рӛл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды
білдіретін бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық қызмет
тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиғи зандылыктарын
тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырды, ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу
негізін қалыптастырды. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір
салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның
эллинистік кезеңінде
геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке
ғылым салалары түрінде бӛлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның
дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар
Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана
қойған жоқ, оны кӛптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-
Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта ғасырларда
араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия,
медицина, эстетика, математика,
астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт
дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.
Ғылымның калыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен
астрология дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе
жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады.
Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал
етті. Қайта ӛрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани
ӛмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды.
Сондай-ақ, ғылым табиғат кұбылыстарын жан-жақты зерттеп,
адамзат
танымының кӛкжиегін кеңейте түсті. 16-17 ғ-ларда ғылымда болған терең
ӛзгерістер алғашқы ғылыми революцияға алып келді.
Ғылымның каркынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы
ролінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде
тануға кӛптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап
бой түзуіне ықпал етті. Қоғамдық ӛмір кұбылыстарын тану саласындағы
ӛзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, кұкык, мораль, т.б. "адам
табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден кӛрініс тапты.
2
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Механикадағы жетістіктер ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып,
әлемнің механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рӛл
атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды.
Fылымның дамуына қазіргі кезендегі философиялық дүниетанымдық
базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Ғылымның "ӛсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен казіргі заманғы
адамзат коғамының кӛпқырлы әлеуметтік
қажеттілігінің ұштасуына
байланысты. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы
катарға биология шықты, онда ДНК-ның молекулалық кұрылымы белгіленіп,
генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғ-да ғылымның даму карқыны оның
түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа
бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның
жаңа
кӛздерін
калыптастыру,
адам
мен
табиғат
қатынастарын
тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштык зерттеулер. т.б.)
ерекше байқалады. Ғылымның ӛз зандарын ашуға бағытталған кызметі –
түсіндіру мен болжау болып табылады. Занды ашу жолындагы ізденіс
зерттелу үстіндегі
нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен
байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша
айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру кажет. Ғылымдағы абстрактілеуді
субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рӛлі зерттелудегі
акикатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады. Әдіснамалар деңгейі:
І-ші деңгей – философиялық білім;
II-ші деңгей – жалпы ғылыми әдіснама (жүйелі тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл,
әртүрлі ғылыми зерттеулердің
типтерінің сипаттамасы, олардың кезеңдері
және элементтері: болжам, нысана және зерттеудің пәні, мақсаты, міндеттері
т.б.).
III-ші деңгей – нақты ғылыми әдіснама. Зерттеу принциптері және
процедурасы, мысалы, педагогика пәні.
Әдістемелік мәдениет – бұл керекті бӛлігі рефлексия болып табылатын
әдістемелік білімге негізделген ой мәдениеті. Әдістемелік мәдениетке:
әдістемелік рефлексия (ӛзіндік ғылыми іс-әрекетті талдай білу), ғылыми
бәсектемеге қабілеті, белгілі бір концепцияға критикалық ой мен
шығармашылық қабылдау, зерттеу әдістері кіреді.
Әдістемелік мәдениет ғылымнан да қажет. Педагог-практикке әдістемелік
мәдениеттің бӛлігі болып табылатындар: оку-тәрбие процесінде жобалау мен
құру, сезіну, қалыптастыру және педагогикалык
тапсырмалардың нәтижесі,
әдістемелік рефлексия. Педагогиканың ғылыми-теоретикалық қызметі ғылым
ретінде педагогикалык шындықтың нақты түрде қандай екенін ашып
кӛрсетеді. Нәтижесінде мұгалімнің білімінің жаңа оқулықтарға сәтті және
сәтсіз жұмыстары, оқушының жаңа материалдарды игеруді сынау барысында
қиындықтары, құрамы, білім беру мазмұны туралы сияқты жұмыстар
айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: