Жалпы психология-
адамның психикалық іс-əрекетінің əлдеқайда жалпы заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
Индивид
- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.
Тұлға -
адамның қоғамдық мінез-құлық жəне сана формаларынигеру нəтижесінде қалыптасатын
адамның əлеуметтік –психологиялық мəні.
Психикалық процестер
– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Қабілеттер -
əртүрлі іс-əрекет түрлерін
орындауда сəттілікті қамтасыз ететін тұлғаның
əлеуметтік-психологиялық ерекшелігі.
Қажеттілік -
шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған
адамның біршама тұрақты ерекшеліктерінің бір көрінісі.
Іс-əрекет –
адамда қажеттіліктердің нəтижесінде пайда болатын алға қойылған мақсатқа
жетудегі адамның қоршаған ортамен белсенді өзара əрекеті.
Психологиялық қызмет –
əртүрлі іс-əрекет түрлерінде
психологиялық экспертиза , диагностика
, кеңес беруде кешенді міндеттерді шешуде психологияны қолданудың практикалық жүйесі.
Психологиялық көмек-
адамға, топқа, ұйымға психологиялық көмек көрсетуде адамдардың
əлеуметтік-психологиялық компетенттілігін арттыруға бағдарланған психологияны практикалық
қолданудың саласы.
Фрейдизм-
тұлғаның дамуы мен құрылымын санаға иррационалды, антогонистік психикалық
факторлармен түсіндіретін бағыт. Бұл бағыттың негізін З.Фрейд салған.
Гештальтпсихология
- психиканы бүтін құрылым көзқарасымен зерттеуді ұсынған ХХғ.
Германияда пайда болған бағыт.
Бихевиоризм
- сананы ғылыми зерттеу пəні ретінде жоққа шығаратын жəнепсихиканы мінез-
құлықтың əртүрлі формаларына əкелетін қоршаған орта стимулдарына организмнің реакциялар
жиынтығы деп түсінілген ХХғасырдағы америка психологиясындағы бағыт.
Аналитическая психология
– адамның бейсанаға мінез-құлқын реттеуіне шешуші мəн беретін
К.Юнг көзқарастарының жиынтығы.
Индивидуальная психология
– баланың тұлғасының құрылымы «өмір стилі» ретінде
қалыптасатын А.Адлердің бағыты.
Психодиагностика –
тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен
өлшеуге əдістерді өндейтін психологияның саласы.
Зерттеу əдістері –
тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу əдістері мен тəсілдерінің
жиынтығы.
Анкеттеу –
вербалды коммуникация негізінде бірінші əлеуметтік- психологиялық ақпарат алу
əдісі.
Бақылау
- психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық
зерттеу əдісі.
Эксперимент
- зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу жəне
манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін
ғылыми тану əдісі.
Тестілеу
– белгілі мəндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын
диагностика əдісі.
Адаптация -
қоршаған ортажағдайына организмнің қызметі мен құрылысының жəне оның
органдарымен жасушаларының бейімделуі.
Əлеуметтік адаптация
- индивидтің қоршаған орта жағдайына белсенді бейімделуіндегі тұрақты
процесс.
Каузалды атрибуция
- субъектінің басқа адамдардың мінез-құлқын жəне себептерін тұлғаралық
қабылдаудағы интерпретациясы.
Мінез бітістері -
индивидтің əртүрлі ситуацияда қайталанатын тұрақты мінез – құлық
ерекшеліктері
Тұлға бітістері –
индивид мінез-құлқының əртүрлі ситуацияларда көрінетін тұрақты бітістер
Кəсіби бағдар
– адамның қабілет , тілектеріне сəйкес еңбекке кірісу процесін оптимизациялауға
бағытталған песихолого-педагогикалық жəне медициналық шаралар жиынтығы.
Профессиография –
мамандықтың адамның мүмкіндіктерінің психолого –денелік ,
психолгиялық , тұлғалық сапаларының қоятын талаптарын зерттеу технологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: