-
əдістемелік нұсқаулар
- пайдаланатын əдебиет
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша əдістемелік нұсқау.
Коллоквиум:
Мұғалім жəне студент арасында сұрақ жəне жауап түрінде өткізіледі.
Əр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез
жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин
уақыт беріледі
Үлкен шеңбер əдісі:
Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мəселені
ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) əрбір оқушы жеке осы мəселені шешудің
жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша əрбір
оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл
ұсынстарды
сынамай тыңдайды, жəне əңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ
шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер”
əдісін сұрақтың шешімін тез табу керек
болған жағдайда қолдануға
болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң
жобаларын немесе нұсқауларды,
нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариум əдісі:
“Аквариум”
–
балаларға мəселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын
топ белгілі бір мəселе бойынша диалогты жүргізуге кімге
сеніп тапсыруға болатынын
таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар
көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: