Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата25.04.2024
өлшемі0,52 Mb.
#201391
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
Психотерапия негіздері.

Кубизм стратегиясы:
Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты жəне соған орай 
берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер əдетте алты топқа 
бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, əрбір 
топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-
жақты, мəнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа жəне өз жұмыстарын 
қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ 
«талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дəлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» 
деген тапсырмалар алады. Кейде əрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.
РАФТ стратегиясы: 
«РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы 
бойынша студенттер оқылған мəтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі 
рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, 
белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, 
немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы əдетте сабақ 
тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» 
тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек. 
Р – Роль А – Аудитория Ф – Форма Т - Тақырып 
ББҮ стратегиясы:
«
ББҮ
» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып 
алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. 
Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не 
білетіндігін, білгісі жəне үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға 
сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды 
игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында 
белгілі пəн бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра 
алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет