143
Қазақстандағы ОГПУ 26 қыркүйек 1928 жылы РКФСР Қылмыстық кодексінің
58-10 баптары бойынша 5 жылға еңбекпен түзеу лагерінде бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалды. 17.06.1989 жылы Шымкент облысының
прокуратурасы ақтады [2].
6. Досанов Халикуз – 22 жаста, Қызылорда уезді, Қараөзек болысы, №2
ауылы, Қазақ, бойдақ, комсомол мүшесі, сауатты, жалдамалы қолөнершінің
отбасынан шыққан, сотталмаған.
1928 жыл 7 маусымда ОГПУ Сырдария аудандық бөлімінің Шығыс
бөлімшесінің бастығы – Саенко, сотталушы азаматтарға қатысты № 93 іс
бойынша аяқталған тергеу өндірісін қарап РСФСР қылмысты істер кодексінің
58-бабының 2-тармағы бойынша тұтқындау көзделген.
1929 жылдың күзінен өкіметтің солақай реформаларына қарсылық ретінде
республикада халық ереуілдері басталғаны мәлім. Жоғарыда аталған үндеудің
мазмұны көтерілісшілердің ұйысуына белгілі бір дәрежеде әсер етуі мүмкін.
Кеңестік заманындағы ұлт-азаттық қарсылық шараларына қатысқандарды
«бандылар» емес, ұлт азаттығы жолындағы көтерілісшілер екенін, тоқсан
жылдан астам уақыт бойы бұрмаланып келе жатқан қозғалысты өз атымен атауға
қол жеткізу және 30-шы жылдардағы көтерілісшілер хақында тарихи әділеттің
орнауына атсалысу, олардың нағыз тәуелсіздік күрескерлері, халық батырлары
екендіктерін мойындау талас тудырмайтын мәселе болып табылады.
Әдебиеттер
1. Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві,
Ф.11.Оп.1.Іс.60.П.1-23.
2. «Открытый список» - самая полная база данных жертв политических репрессий в
СССР (1917-1991 гг.), построенная по принципу «Википедии». Электронный ресурс. URL:
https://ru.openlist.wiki/
(дата обращения 01.10.2023)
УДК:
Достарыңызбен бөлісу: