КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ:
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ:
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД
286
қолданудағы тиімділік толық зерделенді деуге келе бермейді. Сабақ беру
–
үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол
–
жаңадан жаңаны табатын өнер. Ендеше педагогикалық технологияларды
қолдануда да шеберлік қажет.
Орта мектепте оқушылар қазақ әдебиеті пәнінен ақын
-
жазушылардың өмірі мен
шығармашылығына қатысты
мәліметтерді табу, оны құрастыру және басқару, тың ақпараттармен
және идеялармен бөлісу, бірлесе әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалана
отырып ақпараттық
-
коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданады. Бұл олардың АКТ
-
ны
меңгеру дағдыларын дамытады. Атап айтқанда, көркем шығарма мазмұны мен негізгі идеясын
толық түсіну мақсатында медиаматериалдарды қолдану, сондай
-
ақ медиақұралдарды қолдана
отырып тақырыпқа қатысты ақпаратты, әртүрлі пікірлерді саралап, талқылауға, сыни талдау
жасауға дағдылану, АКТ
-
ны қолдана отырып, таныстырылым (презентация) дайындау, салыстыру,
бағалау, зерттеу және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдеу, бейнероликтер мен слайдтар дайындау.
Әдебиет сабағында ұлттық құндылықтарға аса көңіл бөлінгені жөн. Бұл тұрғыда бізге
онлайн немесе офлайн түрде болсын АКТ көмекке келеді. Себебі, әдебиетті оқытудың басты
мақсаты
–
оқушыларды сөз өнерінің сырымен таныстыру ғана емес, халық даналығы мен
өсиеттерінен
нәр
алғыза
отырып,
әдебиетке
деген
ынтасын
ояту,
көркем
шығарма
парасаттылыққа, сұлулыққа, отанды сүюге, рухты болуға тәрбиелеу.
Пайдаланған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |