КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 332
4 Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу.
5 Оқушының жеке тұлғалық қасиетін бағалай отырып, оны талап ете
білушілікке тәрбиелеу.
6 Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу.
7 Жас ерекшеліктері мен жеке қасиетерін есепке ала отырып тәрбиелеу.
8 Тәрбие жұмысының үйлесімді, тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуі.
Барлық педагогикаға тән мына қағиданы әрқашан есте ұстау керек: “Ұстазешқашан
ренжуге тиіс емес”. Егер ұстаз ренжіп, көңілі қалып, ашуланатын болса, ол
өзін өзі ұстай алмай, басқара алмай қалуы мүмкін, оқушы ұжымы алдында дәрменсіз
танылуы мүмкін.
Ізгілендіру Әл
-
Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім
берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған
ой
-
пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда Әл
-
Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы
дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып
отыр. Ізгілендіру мәдениеттің обьективті құбылысы бола отырып, жеке тұлғаны өз халқының
рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде руханиадамгершілік тұрғыдан
қалыптастыруды көздейді. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі
міндет әрбір адамның өзін
-
өзі тануға, өзінің ұлттық мәртебесіне ие болуға және
қайырымдылықпен адамшылықты бойына сіңірген
маңызды тұлға болуына көмектесу болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама
Әл
-
Фараби былай анықтайды: “Жақсы мінез
-
құлық пен ақыл
-
күші бұлар адамшылық қасиеттер
болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден
абзалдық пен кемелділікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды
адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез
-
құлқымыз
мақтаулы болады”. Міне, осы айтылған мәселелер ұлы ойшыл Әл
-
Фарабидің педагогиканың
негізгі ұғымдарын анықтауға алғаш талпыныс жасаған ғалым екендігін дәлелдейді. Мұның өзі
Әл
-
Фарабидің педагогикалық идеяларын қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі, бастау
бұлағы ретінде қарауға толық негіз бар екендігін көрсетеді. Қазіргі заман педагогикасы үлкен
қарқындағы дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда
болып отыр. Педагогиканың іркіліс кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарасына алып келеді,
ғылыми
-
техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек
көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші
көздер
-
адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық
тәрбие тәжірибесі, іс
-
қызметтері: философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық
еңбектер; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған
бағыт
-
бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соңы
технологиялары.