Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет395/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
329 
асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік 
рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. 
Ал ұлттық тілдің құндылғын жоғалту ел келешегі үшін үлкен кесел.
Кесел демекші, 
елімізде ұлттық тілдің мәселесі сан жылдар бойы кезек күттірмейтін, кеселі көп
мәселе болып 
келеді. Кезек күттірмейтін дейтін себебіміз,бүгінде,
қазақ тілінің хал
-
ахуалы бірқалыпты 
жағдайда емес. Мемлекеттік статусы болғанымен, көп жағдайда қолданылу аясының тарылып 
бара жатқаны да байқалады. Қоғамда ана тілім

қазақ тілі деп айта алғанымен,
ана тілінде сөйлеуге 
шорқақ немесе тіпті де сөйлеу білмейтін қазақ азаматтары бар. 
Қазақ тілінің адамдар арасында тар қолданысқа ие екенін рас. Еліміздің басым тұрғындары 
қазақ тілінің қолданысына кері әрекеттер жасауда, сондағы ана тілден безіп, тілге тиек ететіндері 
орыс тілі. Біршама алпауыт компаниялар мен мекемелерге жұмысқа алу кезінде алдымен орыс 
және ағылшын тілдерін білуі талап етіледі. Мемлекеттік қызмет аясында да қойылатын басты 
талап осылар.
Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл.
Тіл ақылдың 

өлшемі.
Тіл 

адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер
-
білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді 
азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың 
барлық іс
-
әрекетінің, қарым
-
қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға 
көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру 
– 
ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің 
шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу 
— 
әркімнің азаматтық борышы, 
қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» 
деген даналық сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз 
тілімізден алыстап кетпеуіміз керек. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі 
– 
ұлттың тілі. Тәңірдің адам 
баласына жасаған сыйы да
-
тіл. Ол 

қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне 
тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл 

ұлттың аса игілікті әрі 
оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. 
Тілдің тағдыры 
– 
баршамыздың қолымызда.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі 
келмейтіндер 

мәңгүрт.Тілдерді дамыту 
– 
елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды 
бағыттарының бірі. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы 
мен мүмкіндіктерін жан
-
жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз 
дұрыс. Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметі мол болуы тиіс. 
Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тама
-
тама тамшыдан дария болар 
дегендей, тіліміздің
жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деп ойлаймын. Елбасымыз 
айтқандай «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай 
балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы ана 
тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі 
мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған 
– 
оның ғажайып тілі».
«Ұлттың тілі 
– 
ұлттың ділі» деп, халық даналары айтқандай, ұлтымызды сақтайық. Ана 
тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қаазқ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл 
тілімізден қашпай керісінше төрге сүйрейік сонда ғана Қазақстан түндігі берік ел болмақ.
Түйін
. Тілге деген құрмет 
– 
халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік 
тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі 
– 
ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, 
еліміздің мерейін көтерейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет