Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет54/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

Зерттеу әдістері 
Зерттеу әдістері теориялық дереккөздерді талдау, материалдарды жүйелеу, талдау 
және жалпылау. Зерттеу материалдары ретінде икемді дағдылардың мәні мен мазмұны, 
құраушылары туралы алыс
-
жақын шетелдік тәжірибелердің нәтижелері, диссертациялық 
зерттеулер, авторлардың ғылыми мақалалары қолданылды. 
Талдау мен нәтижелер 
ХХІ ғасырда барлық білім беру жүйелерін үнемі зерттеу және бақылау қажеттілігі 
білім беруді әлеуметтік институттардың бірі ретінде дамыту, ең алдымен, ғылыми
-
техникалық прогреске байланысты қоғамның мақсаттары мен қажеттіліктерінің өзгеруімен 
анықталатынын дәлелдейді. Оның мазмұны білім беру жүйесіндегі түбегейлі 
модернизацияға ұшырайды, өйткені ол іргетас қалыптастырады, білім деңгейі мен сапасын 
анықтайды, өндіргіш күштердің дамуы мен қолданылуына, материалдық және рухани 
мәдениетке, халықтың әл
-
ауқатына әсер етеді [1]. 
Профессор Клаус Швабтың пікірінше: «Төртінші өнеркәсіптік революция» 
еңбегінде «... ұдайы өзгермелі жұмыс ортасының жағдайларында жылдам бейімделуді 
талап ететін білім мен кәсіби дағдылар тұрғысынан жұмыспен қамтудың болашақ 
үрдістері мен қажеттіліктерін болжай білу қабілеті барлық мүдделі тұлғалар үшін 
айрықша мәнге ие болады»,

деп тұжырымдайды [2].
Әлемдік дамудың қазіргі кезеңі Төртінші өнеркәсіптік революцияның қарқынды 
дамып келе жатқан үдерістерімен анықталады, онда адам капиталының рөлі одан сайын 
күшейе түседі. Қазіргі саяси, экономикалық және әлеуметтік модельдер саласындағы 
серпіліс дербес әрекет ететін адамдардан өзара іс
-
қимылдың ұжымдық нысандарын 
көздейтін билік жүйесінің бір бөлігі ретінде өзін тануды талап етеді.
Дамуды анықтайтын факторлар: жоғары мектеп, технологиялардағы өзгерістер, 
жаһандану, білім алушылар, мәдени және әлеуметтік әртүрлілік, отбасының, қоғамның, 
мемлекеттің жаңа сұраулары, білім беру нәтижелеріне жаңа талаптар (XXI ғасырдың 
дағдылары мен құзыреттілігі), білім берудің жаңа мазмұны, оқытудың жаңа түрлері, 
технологиялары және құралдары, үздіксіз білім беру
-
мансаптық траектория әлеуметтік 
және кәсіби табыстылықтың негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет