Пленарлық баяндамалар


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет58/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
50 
жасанды интеллектте қазақ тілін пайдалануға ақпарат жеткіліксіз болып жатыр. «Басты 
мәселе 
– 
интернетте қазақ тіліндегі контенттің үлесін көбейту. Интернетте қазақ тілінде 
ақпарат аз. Ақпарат қоры көбейген сайын жасанды интеллектінің көмегімен қазақ тілінде 
бағдарлама істеу де мамандарға оңай болады. Ең бастысы, ақпараттық дерекқорды көбейту 
керек. Екінші мәселе 
– 
латын әліпбиіне көшу жұмысты жеңілдетеді. Сол кезде «қазақ тілі 
технологияның тілі емес» деген сөз қасаң қағида екеніне көз жеткіземіз. Сыңаржақ пікірді 
өзгерте аламыз. Қазақ тіліндегі мәдени мұралар туралы деректерді түгелдей интернетке 
жүктеуіміз керек.
Президенттің тапсырмасымен жасанды интеллектінің концепциясы жасалуда. 
Барлығы бірдей әдеби тілде бір күнде сөйлеп кетпесе де, қазақ тілін күн сайын жаппай 
қолдануымыз керек. Күнделікті мобильді қосымша, платформаларды пайдаланғанда қазақ 
тілін таңдау, қолдану өте маңызды. Форумда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл 
– 
қазына» 
республикалық ұлттық ғылыми
-
практикалық орталықтың бас директоры Мақпал Жұмабай 
қазақ тілін цифрландыру бағытында мемлекеттік және академиялық деңгейде жұмыс істеп 
«Осы күнге дейін цифрландыру бағытында 13 жобаны жүзеге асырдық. Атап айтқанда, 
Ұлттық тіл корпусының «Тіл
– 
қазына» атқарып жатқан бағытында 23 миллионға жуық сөз 
қолданыс бар. Қазақстандағы сөздіктердің ортақ жүйесі платформасында 1 миллион 300 
мыңға жуық сөз бар. Termincom платформасында 400 мыңға жуық сөз бар. Бұл цифрлық 
қор жыл сайын толықтырылады. Осы бағытта жұмысты жүйелі жалғастыру үшін 
«Тіл
– 
қазына» мобильді қосымшасын қолданысқа енгіземіз. Қосымшада қазақ тілі туралы 
базалық сұрақтардың барлығына жауап таба аласыз. Мәтінді аудиоға айналдыру, видеоны 
мәтінге айналдыру функциясы іске қосылады. Бұған дейін бұл жобаны Microsoft
-
тың 
базасында ұсынған болатынбыз. «Қазақ тілінде сауатты жазылған әрбір сөз интернетте 
қазақ тілінің базасын жасауға көмектеседі. Ендігі бағыт 
– 
әлемдік цифрлық 
платформалардың жүйесінде интеграциялау арқылы қазақ тілінің қолдану аясын жүйелі 
түрде кеңейту. Google, Apple, Microsoft компаниясымен келісімге келген. Дерекқорды 
молайтуды әлемдік компаниялармен бірлесіп жүзеге асыруда. Қазақ тілінің болашағы 
интернетте қазақша мәтін жазатын әрбір адамның саусағының ұшында тұр. Әрбір сауатты 
мәтін қазақ тілінің жасанды интелекті арқалы дерек жинайтын қордағы мәтіндер жинағына 
үлес қосады. Меніңше, барлығымыз бір кісідей атсалыссақ, жасанды интеллект қазақша 
сөйлеу мүмкіндігі бар.
Интернетте қазақ тілінде сауатты жүйе үшін Qazgramma жобасын 
жүзеге асырып жатқанын жеткізді.
Президент Қасым
-
Жомарт Тоқаевтың әртүрлі әлеуметтік топтардың, әсіресе
жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыру 
қажет екеніне ерекше мән беріп отырғанының маңызы зор. Ана тілдің болашағын 
сақтау

мемлекеттік тілде сауатты мәлімет тарату «Қазақ тілі» қоғамының ғана емес, әр 
азаматтың парызы. Сол кезде ғана мемлекеттік тіл ғылым мен техника тіліне айналары 
анық.
Болашақ техника саласы мамандарын даярлау жүйесінде білім алушы өз білімін 
ұдайы жаңартуы тиіс. Болашақ техника саласы мамандарын даярлауға қойылатын жаңа 
талаптар қызметтің зияткерлік
-
инновациялық сипатына негізделген және болашақ түлектің 
келесідей негізгі сипаттамаларының болуын болжайды: болашақ кәсіби қызмет 
саласындағы кең білім; талдау мен синтезді қоса алғанда, туындайтын проблемаларды 
шешудегі дағдылар; инновациялық ойлау; қабылданған шешімдерді жүзеге асырудағы 
бастама; өз бетінше және командада да жұмыс істеуге дайындық; дағдылар әлеуметтік 
коммуникация; стандартты емес және түпнұсқа шешімдерге қабілеттілік, қазақ тілін ғылым
тілі ретінде қолдану және т.б. Осы орайда, болашақ техника мамандарының стартаптарды 
құру мен іске асыруларында маңызды роль атқаратын икемді дағдыларын қалыптастыру 
мен дамытудың маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет