Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет114/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған иәдебиеттер: 
Нормативтік құжаттар 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы, 2007ж 
2.Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-2050» Стратегиясы, бағдарламасы- 2012ж. 
3.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 
жолдауы 
 
4.Акимова Т.А, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки 
для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУДАҒЫ 
МАҢЫЗДЫЛЫҚ
№8 М.Х.Дулати атындағы ҥш тілде оқытатын мамандандырылған 
мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Рыскиева Айжан Абуовна 
Шымкент қаласы 
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл -
үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы. 
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш 
сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, 
дағдысын 
жоғары 
деңгейге 
жеткізу 
мақсаттары 
қойылып 
отыр. 
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, 
мүмкіндігін ескеріп, бағыт-бағдар беру, ой-ӛрісін дамытатындай логикалық ой 
тастау әрбір ұстаздың міндеті. Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар 
мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. 
Ӛйткені бүгінгі таңда барлық салада даму ӛте жедел жүзеге асуда. Әрине, 
дамудың негізі - білімде. 
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны 
соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жӛн. 
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни кӛзқарасын 
қалыптастырып, оларды ашық, еркін сӛйлеуге баулу - әр ұстаздың міндеті. 
Кәсіби қызмет барысында біліктілік арттыру курстарынан алған 
дәрістеріміз бен тренингтерден алған білімімізді ӛз тәжірибемізде қолдануға 
тырыстық. Сабақ процесінде ең басты тұлға «ОҚУШЫ» екенін түсіндік. 
Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге ӛзінің 
кӛзқарасын, философиясын ӛзгерту оңай емес.
Осы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істегенімізге біраз жыл 
болып қалды. Жаңа бағдарлама аясында оқушының тұлға болып қалыптасуына 
тиімді стратеияларды қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сӛйлеуін, 
тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, ӛзінің де басқаның да жауабын сын 


тұрғысынан баға бере отырып, құрмет кӛрсетуге бағыт береміз. Осы орайда біз 
СТО стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында кӛптеген 
жетістіктерге жеттік. 
Бұл әдістемелік нұсқаулықты жазудағы алға қойған мақсатымыз, оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып 
баланың танымдық белсенділігін арттыру, ӛз бетінше білім алуға
шығармашылығын 
қалыптастыруға 
мүмкіншілік 
беру 
аясында 
әріптестерімізбен тәжірибеден түйгенімізді ұсыну.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың 
шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Демек,болашақтан бүгінгіден 
де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде 
ғана. Қай елдің болмасын ӛсіп ӛркендеуі ӛркениетті дүниеде ӛзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты.
Осы әдістемелік нұсқаулықта жаңартылған бағдарлама бойынша атқарып 
жатқан тәжірибемізді ортаға саламыз. 
Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана 
алады. Тиімді оқытуды жоспарлауда бірқатар мәселелерді ескерген жӛн. 
- Сабақта кӛптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Әдетте 
баланың назары бір нәрсенің тӛңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын 
естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, 
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Бұл 
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп кӛше отырып, тапсырманы түсінуге 
кӛмектеседі, ӛткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде 
бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен ӛзара әрекеттестік стилін ӛзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ 
барысында ӛзінің қанша сӛйлейтіні туралы ойлануы керек. Оқушыларға сұрақ 
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін 
бағдарлаған дұрыс. Сабақта бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін 
араластырып қолдану тиімді болады. Сонымен, мұғалім сабақтың 
құрылымдаған жоспарын жасағанда:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бӛліктерін қамтуы;
- логикалық жағынан реттелген, оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 
тапсырмалар бойынша толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-
тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала кӛре білуге және анықталған 
дағдыларға қатысты шешім ұсынуы. 
Қазіргі таңда оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, 
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман 
талабы болып отыр. 1. «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ 
ұсынады және мүмкін тӛрт жауабын сыныптың тӛрт бұрышына 
орналастырады. Оқушылар ӛзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, 
таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және ӛздерінің кӛз 
қарастарын дәлелдейді.


2. «Ойлан-жұптас-бӛліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы 
жеке жұмыс жасау арқылы ӛз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бӛліседі; 
бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
3. Stop-кадр. Stop-кадр - видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды 
экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға 
болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың 
біреуіне кадрды кӛрсетіп, екіншісіне осы кӛріністі толықтай сипаттап беруін 
тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы 
кӛмектесуіне болады.
4. Дыбыстау. Фильмнен ӛткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың 
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз кӛрсетіп, оқушылардың рӛлге еніп, 
дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен кӛрсетсе де 
болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
5. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау 
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында 
бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне 
қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», 
«Асан, айтылған пікірлерді бір сӛзбен қалай тұжырымдауға болады?»
6. «Сұрақты қағып ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ 
салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді 
және оқушыларды ӛз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты 
білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. 
Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқы салмағын белгілеуге (ұпай 
арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты 
басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы 
шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты 
кезекпен топтарға лақтырады.
7. «Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған 
оқушы сұраққа жауап беріп, ӛзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап 
бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды 
бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына кӛмек береді.
8. «Сӛзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сӛздер жазылған қағаз 
қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 
минутта ондағы сӛздің ӛзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сӛзді тапқан 
оқушы келесі сӛзді алып түсіндіруді жалғастырады.
9. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу 
мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға 
таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде ӛз атын, сұрақтардың жауабын 
жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық 
оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді 
жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып 
жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. 
10. «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы 
стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. 


Кӛшбасшы белгі бергенде, барлығы ӛз жауабын ашады және жауаптарды 
талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
11. Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы 
белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, кӛк, қызыл, жасыл стикерді таратады. 
Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес 
әріпті кӛтерулерін сұрайды. Ӛзін-ӛзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру 
үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет