Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана,
2010. 260 б.
2. Амандықова Г.Н.,Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 2010.
260 б.
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012ж
4. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 19-25 сәуір, 2013ж
5. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С.
Мирсеитова, 2011 жыл.
ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЕМЕС СЫНЫПТАРДАҒЫ САБАҚТЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ
№8 М.Х.Дулати атындағы ҥш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Әлімбек Айгҥл Балиабайқызы
Шымкент қаласы
Сын тұрғысынан ойлау - оқушы мен мұғалімнің ойлау қабілеттерінің дамуы
мен сӛз шеберлігінің артуына үлкен септігін тигізетінін түсіндім.
Оқушылардың ӛз бетімен ізденіп, зерттеген жұмыстарының мағынасын түсініп,
ой елегінен ӛткізіп, білім алуға талпынып, Флейвелл айтқандай метатанымдық
қабілетті меңгерген оқушы, мұғаліммен тең дәрежеде қызмет ете алатындығын
байқадым. Сын тұрғысынан ойлана отырып, берілген тапсырмаларды топтасып
орындауда және диалогтық қарым-қатынас арқылы білімді тез меңгеретіндігін
білдік.
Оқушыны бақылағанымызда, Чиксентмихаи айтқандай ӛзінің алдына мақсат
қою және Райан мен Деки айтқандай ішкі уәж болғанда ғана оқушының ынтасы
мен қызығушылығы артатынын, мақсатына жету үшін талпынып, бір-
бірлерімен диалогтік қарым-қатынасты жүргізе алатынын түсіндік.
Берілген тапсырмаларға сын тұрғысынан ойлана отырып, жауап беруге
дағдыланады. Тізбектелген тӛрт сабағымдағы топтастыру әдісі бойынша, «ХІХ-
ХХ ғасыр аралығында ӛмір сүрген қандай әнші- ақындарды білесіңдер?»,
«Жаяу Мұса кім?», «Жаяу Мұсаның қандай шығармаларын білесің?», «Үкілі
Ыбырай кім?», «Үкілі Ыбырайдың қандай шығармаларын білесіңдер?», «ХХІ
ғасырдың оқушысы қандай болу керек?», «Ақынның орнында сен болсаң, не
істер едің?», «Сал-серілер мен қарапайым адамдардың бір-бірінен қандай
ерекшеліктері бар деп ойлайсыңдар?», «Ақындар қандай кезеңде ӛмір сүрді?»,
«Үкілі Ыбырай кімдер үшін күресті деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар
қойылғанда, «Венн диаграммамен», сӛзжұмбақпен жұмыс жасаған кезде,
слайдтан зерттеушілер мен әншілердің суреттерін жасыру барысында, сыни
тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар дұрыс жауап бергендігі мені қатты
қуантты. Оқушыларға: «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың аралығында ӛмір сүрген
қандай әнші-ақындарды білесіңдер?» деп сұрағанымда, Ә.Найманбаев, Біржан
сал Қожағұлұлы, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса Байжанұлы, Балуан Шолақ сияқты
әнші-ақындарымыз бар екендігін сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап берді.
Сыни тұрғыда ойлау тәсілі арқылы оқушылар сұраққа жауап бергенде, ӛздерін
еркін ұстауға, ойлаған ойын толық жеткізуге дағдыланады.
Выготский айтқандай «ЖАДА» арқылы бір-бірлеріне кӛмек бергенде,
кӛпіршелер құрылғанда, оқушының білімі артады. Оқушылар алға қойған
мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдап, бағыт-бағдар беріп, мадақтап отыру
керек. Диалогтік оқыту арқылы оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеті
дамып, сабаққа деген ынтасы артатды. Бахтин, Мерсер, Велс, Вуд, Александер
сияқты зерттеушілер айтқандай, сабақта оқушылар берілген сұрақтарға,
тапсырмаларға диалогтік қарым-қатынас орнату арқылы жауап бере алады.
Александердің зерттеуі бойынша, сыныптағы оқушылардың сыни тұрғысынан
ойлау қабілеті артуы үшін, диалогтік қарым-қатынас орнату керек екендігін
айтқан. Александер ӛзінің зерттеу жұмысында: диалогтің механикалық есте
сақтау, декламация, нұсқаулық, талқылау сияқты бес түрін атап ӛткен. Ал
Мерсер сыныптағы талқылауда диалогтік әңгіменің үш түрін зерттеген.
Мысалы: пікірталастық әңгіме, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.
Оқушының сыни тұрғысынан ойлануына оң ықпалын тигізетін әңгіме түрі
зерттеушілік әңгімесі болып саналады. Осы зерттеушілік әңгімені ӛз
сабақтарымда жиі қолданамыз. Сабақтарымда зерттеушілік әңгімені құру
мақсатында, үй тапсырмасы ретінде Үкілі Ыбырайдың ӛмірі мен
шығармаларын зерттеп келуді оқушыларға түсіндірдік. Тапсырмаларға сәйкес
қосымша материалдарды интернет желісінен ала алатынын айттық.
Оқушыларға зерттеу жұмысын бергендегі мақсатымыз, сыни кӛзқарасын
қалыптастырып, олардың зерттеушілік қабілеттерін анықтау болатын. Келесі
сабағымда үй тапсырмасын сұрағанымызда, оқушылар зерттеу барысында
кӛптеген материалдар тауып келгенін айтты. Ізденіп келген жұмыстарын
алдымен топта жұптасып, кейін топтасып талқылап, топтың спикері айтты.
Оқушы қыз Жазира сегіз жасында ақын түс кӛріп, түсінде ақ сақалды қария
кісі ӛзінің домбырасын ұсынғанын, Шӛже, Орынбай, Арыстанбай, Тезекбай,
Біржан, Ақан, Балуан Шолақ сияқты ақындардан үлгі-ӛнеге алып,
шығармашылық қабілетін арттырғанын зерттеп келген. Ал «Жасқыран» тобы
ақынның «Гәкку» әні 1934 жылы Бурсиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы
Жібектің ариясы ретінде орындалғанын, 1936 жылы Мәскеуде ӛткен қазақ
ӛнерінің 10 күндігінде Күләш Бәйсейітова орындап шыққанын, «Гәкку» әнінің
4 түрі бар екенін, ақын Кәкима атты сұлу қызға ғашық болып, қызды аққу мен
қазға теңеп, осы әнді шығарғанын, «мүмкін, ақын бұл қызға ғашық болмағанда,
әнді парақ бетіне түсірмес пе еді?» деп, ӛзінің пікірін білдіріп, ақын сондықтан
да әнді айтудан жалықпағаны туралы зерттеп келсе, «Тұлпар» тобы ақынның
«Жиырма бес» атты әнін зерттеп, қанша рет талпынсаң да, жиырма бес жас
қайта оралмайтынын айтып ӛтті. Ақмарал «Қыз Жібек» кӛркем фильмінде
Тӛлеген рӛлін сомдаған Құрманбек Тастанбеков осы - «Жиырма бес» әнін
кереметтей етіп орындағанын, басқа да ақын-жазушылар «Жиырма бес» әнін
ӛздерінше толғағанын айтып ӛтті.
А.Шерниязов ӛзінің «Жиырма бес» әнін ерекше толғап, жиырма бес, отыз,
қырық жастың ерекшеліктерін жырлағанын айтты. Ақмарал екі ақынның ӛлеңін
салыстыра отырып, А.Шерниязов ӛзінің ӛлеңінде, жастық шақты жарқылдаған
найзағайға теңегенін, ал Үкілі Ыбырай «Жиырма бес» ӛлеңінде жастықты
күнге, кәрілікті түнге теңегенін түсіндірді. Сондықтан «Жиырма бес» әнінің
мазұнын тереңінен түсініп, біліп жүрсек, нұр үстіне нұр болатынын
жасырмады. Аяжан Үкілі Ыбырайдың ұрпағын зерттеп келгенін айтты.
Сәбденнен - Деріпсал тарайды. Сәбден Абылай ханның әрі досы, әрі даңқты
батыры болған. Деріпсалдан-Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан әулет
тарайды. Маңдайдан-Қосшығұл, Асайын. Үсейін. Сандыбайдан-Бӛпіш,
Шалғымбай, Ыбырай. Әбіледен-Ілияс, Кенжеғали, Молдағали атты ұлдары
дүниеге келгенін айтып ӛтті.
Сыныпта оқушылар зерттеушілік әңгіме құрғанда, оның сабаққа
қызығушылығы, ынтасы мен оқу қабілеті артатынын сабақ барысында анықтай
алдым. Оқушының бойында жаңа сабақты түсініп білуі, рефлексия жасай алуы
сияқты қабілеттері болса, сонда оқушылар білімді тереңінен меңгеретіндігін
түсіндік.
Оқушылар ӛздерінің зерттеу жұмыстарында талқылау жүргізгенде
«мүмкін», «егер», «бәлкім», «сондықтан» деген сӛздерді пайдалана отырып
талдады. Топтағы оқушыларды сырттай бақылағанымда, олардың бірлесе
жұмыс жасай алатынын, топта бір-бірінің пікірін тыңдап, бір шешімге келе
алатынын білдім.Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру
мақсатында, электрондық оқулықтан «Қиянат пен әділетсіздік ӛріс алған тар
заман» және «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» атты бейне таспаны
кӛрсетіп, осы бейне таспалардан нені түсінгені жайлы эссе жазу керек екендігін
түсіндіргенімде, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жеке жұмыс
жасауға кірісті. Нәтижесінде эссені оқығанымда, оқушылардың ойлау қабілеті
қаншалықты дамығандығын, ӛмірге деген кӛзқарасы қалыптасып, тіл
байлығының мол екенін байқадық. «Эссе» стратегиясы бойынша ӛз ойынан әр
түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен
септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша ӛтілген
тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін
жинақы түрде қорытыныдылауға болады.
Жалпы қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру -сол
тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін
арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай
жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі,
математикалық тілі жетіледі.
Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу
сабақтың нәтижелігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі
екндігін тәжірибе кӛрсетіп отыр.Ү-ҮІІ сынып математика оқулықтарында
кейбір
тақырыптар
бойынша
қызықты
тапсырмалар
берілеген
Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі ӛзгерістерге байланысты әрбір мұғалім
оқытудың
сан
қилы
әдістері
мен
формаларын
білулері
қажет.
Қазіргі білім берудің мақсаты - танымдық қызметке деген тұрақты
қызығушылығы қалыптасқан, ӛз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін,
ӛздігінен
даму
дағдылары
қалыптасқан
жеке
тұлғаны
тәрбиелеу.
Оқу процесінде оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ӛзара
тығыз
байланысты
екі
міндетті
есте
тұтуды
қажет
етеді.
Оқушылардың ӛзіндік жұмыстары - бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ
оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын
жұмыс.
Ӛзіндік жұмысты орындау кзінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді,
тереңдетеді, белсенді іс-әрект барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең
бастысы ӛзіне деген сенімі нығайып, жауапкешілікке сезіну қалыптасады.
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар
алдында бағыт-бағдар, түсінік-нұсқау беру, оқушылардың мақсаты түрде
жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған ӛзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі
мәні ерекше.
Оқушылардың білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде
оқушылардың ӛздері талпыну керек.
Мұнан кейін деңгейлік тапсырмаларды орындай білу керек. Тақырып
бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ӛйткені, ол оқушының ойлауын, елестеу мен
еске сақтауын, белсенділігі мен дағдысын, білім сапасының дамуын
қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, оқыту үдерісі барысында СТО технологиясының
кезеңдерінің ұтымды ӛткізілуі мынадай нәтижелерге кол жеткізеді:
- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және
түсіністікпен қарауға үйретеді;
- ӛз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
- керек кезде ӛз кӛзқарасын дұрыс ӛзгерте білуге үйретеді, оның дамуын
қамтамасыз етеді; ең бастысы - оқу мотивациясы ӛзгереді, ӛз бетінше ізденуге
ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі ӛте
жоғары болады.
Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау барысында әр
оқушы ӛз ойын айтуға мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс:
а) оқушылар поэманы оқып, мазмұнымен танысады
ә) Поэманың басты мақсатын ашады. Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап беру, бір-бірін толықтыру:
- поэманың кейіпкерлерін атау;
- неліктен Баян інісі Ноянды ӛлтірді? Талдау жұмыстарын, ең алдымен,
оқушыларға поэмадағы басты оқиғаларды тапқызып, әрқайсысына тақырып
бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. Оқушылардың ӛз бетімен
ізденуін, белсенді түрде жүмыс істеуін кӛздеп, ―осы оқиғадағы кейіпкерлер
қандай іс-әрекет жасады‖ деген сұрақ беріледі. Бұл сұраққа жауапты балалар ӛз
бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне
жазып отырады. Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс
а) поэмадан кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін кӛрініс кӛрсетіледі; ә)
сабақ барысында оқушылар ӛз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз
жан» деген тақырыпта «5 минуттық эссе» жазылып, екі топқа бӛлініп, әр топ
мүшесі ӛзі тандап алған кейіпкердің ӛзгешелігін айтады. Балалар поэманын
негізгі тақырыптарын айтады: Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке,
сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да ӛнегелі істерге үйрету. Осы
тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады. Ең соңында поэма мазмұны
бойынша суреттер салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |