Әдеби шығармаларды оқытуда пән мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты
мен міндеттері негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген.
Әр ұстаз ӛз пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсінік хатын
оқып, әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі
мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты
сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі
отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, ӛз ісіне сауатты
дайындықпен келуі тиіс.
Алайда бастауыш және орта буында әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі
мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін
бағдарлама
мазмұны
жеткіліксіз
болады.
Яғни
ұстаз
әдебиеттің
бағдарламасымен үстірт танысып, мойындап қана қоймай, әдістеме
мазмұнының талап-тілектеріне сай сын кӛзімен тексеріп, зерттеп,
шығармашылықпен меңгеруге міндетті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып
үйретуге тиісті әдеби материалдардың ауыр, жеңілдігі, берілген сағат
мӛлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-теориялық білімнің кӛлемі
мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының
түрлері т.б. кӛптеген мәселелер туралы ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе
алады.
Достарыңызбен бөлісу: