Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


Оқушыларды әдеби кітатарды оқуға ынталандыру



Pdf көрінісі
бет131/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Оқушыларды әдеби кітатарды оқуға ынталандыру 
Бердібек Соқпақпаев, Сапарғали Бегалин, Мұзафар Әлімбаев, Астрид 
Лингрен, Корий Чуковский... Біздің балаларымыз да осы бір қайталанбас, ғажап 
балалар әдебиетінің нәрімен сусындап, бойына сіңіріп ӛссе екен дейміз. Бірақ 
қазіргі заман балаларының кітаптан басқа да ермегі толып жатыр: кӛгілдір 
экраннан таңертеңнен кешке дейін кӛрсетілетін әсерлі мультфильмдер мен 
қырғын-тӛбелес туралы фильмдер, түрлі компьютер ойындары. Бұлар бала 
назарын кітаптан гӛрі ӛзіне неғұрлым кӛбірек аударуда. Сӛйтіп, бала мен 
кӛркем әдебиеттің арасы алшақтап, баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететін 
мүмкіндіктер ескерілмей қалып жатыр. Неліктен балаға қоршаған ортаны кітап 
арқылы емес, кӛгілдір экран арқылы таныған қызығырақ? Ӛйткені кітапты 
қолына алған баланың назары алдымен әріптерге түседі. Кітапты оқып, ӛз ой 
елегінен ӛткізген, мазмұнын жете түсінгенде ғана бала ондағы оқиғаларды ішкі 
жан дүниесімен кӛріп, сезінеді. Кітап оқу барысында кейде бір сӛйлемді не біз 
үзіндіні бірнеше рет қайталап оқитын да кезі болады. Ондай жағдайда кітап оқу 
ерекше ден қоюды, ынта-жігерімен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой 
еңбегімен шұғылданады. Бала үшін бұл - ӛте күрделі процесс. Ал кӛгілдір 
экранда бәрі дайын: түрлі-түсті бейнелер де, дыбыстар да. Еш әрекеттенбей-ақ 
отыр да кӛре бер! Әрине, бала дайын нәрсеге ұмтылады. Бірақ теледидардан 
кӛрген нәрсенің бәрі бірдей бала ойында, қиялында қала бермейді. Кейбір 
окиғалар, бейнелер балаға әсер еткенімен де ол бала есінде уақытша ғана 
сақталады. Уақыт ӛте келе мүлде ұмыт болады. Сӛйтіп, бала мектеп 
бағдарламасы бойынша оқығанымен шектеліп қана қояды. Әрине, мектепте 
берілетін тапсырманы орындау үшін де оқушы кітапханаға барады, ізденеді, 
оқиды, кітапханашының кӛмегіне сүйенеді. Белгілі пәндер бойынша ілім-білім 
алады. Бірақ оның ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен 
бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін мұндай оқу 
жеткіліксіз. 
Әбу Насыр Әл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма», - деген екен. Иә, 
расында да тәрбие-кең ұғым. Себебі адамды тек отбасы ғана тәрбиелемейді. 
Отбасымен қатар қоршаған орта, мектеп, достары, кітап тәрбиелейді. 
Теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айырылмас досы 
болған заманда олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру маңызды. Ата-
анасы жоқта теледидар мен компьютерді қосып, жоғары технология әлемімен 
бепе-бет қалады. Иә, компьютерден жасырын зардап шегушілер аз емес. Ал 
кӛптеген ата-ана баласының үйде отырғанына мәз болып, оның қаншалықты 
зардап шегіп жатқанын елемейді. Кӛру қабілеті нашар, жасына жетпей кӛзәйнек 
киетін балалардың саны болса, жыл сайын арта түсуде. 
Түбегейлі ӛзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу 
жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, 
кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік сияқты қасиеттер 
болуы тиіс. Ол үшін, әрине, талғаммен кітап оқи білу керек және кітапты оқуға 
ұсына білу керек. 


Ушинский: «Кітап оқымаған ештеңе ойламайды»,- деген екен. Бұған менің 
қосарым: Кӛркем әдебиет оқымаған немесе нағыз ӛнер туындыларына деген 
қызығушылығы жоқ адам ӛзінен басқаның жан дүниесін түсінуді, сезінуді
басқаға жаны ашу сияқты эмоционалдық қасиеттерден айырылады. Әдебиет 
пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол. 
Оқушы осы пәннің талабын орындау арқылы алуан түрлі жанрдағы кӛркем 
шығармалар, түрлі кітаптар оқиды. Тек сол ізгі іске оқушыны бастап отырар 
ата-ана мен мектеп мұғалімдері болса болғаны... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет