Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет173/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Мақпырұлы С., Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті.- Астана: Фолиант, 2007.- 284 
б. 
2.
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.- Астана 2002.- 528 б. 
3.
Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты.- Астана: Фолиант, 2002.- 152 б. 
4.
Тарихи тұлғалар: танымдық-кӛпшілік басылым.- Алматы: Алматыкітап, 
2005.- 368 б. 
5.
Умарова Г.С. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Астана: Фолиант, 2007.- 244 б. 
CАРАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ 
Сарсенбаева Куралай Айдарбековна 
№127 жалпы орта білім беретін мектебі 
Шымкент қаласы
 
Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұнында жаңа технологияны, яғни 
әдіс-тәсілдерді сабақ үрдісіне қолдану үшін, әр мұғалім ӛзінің алдында отырған 


оқушыларының жас ерекшіліктерін ескере отырып, ӛзінің шеберлігіне 
байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге кӛп 
ізденіс керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті 
екенін байқап, ары қарай дамытуға кӛп кӛмегін тигізу қажет. 
Менің оқушылармен қызықты сабақ ӛткізуге күшімді салуым қажет, яғни кӛп 
еңбектенуді қажет етеді. Мен жаңа технология бойынша ӛз сабағымда әртүрлі 
әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Осы орайда маған саралау тапсырмасын 
қолданудың тиімді екенін байқадым. Мұндағы мақсатым- ӛз бетімен дами 
алатын, әртүрлі ӛмірдің қиындықтарына тӛзе білетін, белсенді, білімді оқушы 
тәрбиелеу. Сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын кӛтеруге, 
олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа 
ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді 
менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Саралап оқыту 
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға 
бағыттайды. 
Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр 
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап 
оқытудың 
теориялық 
негізін 
Л.Выготский, 
А.Леонтьев, 
Б.Ананьев, 
С.Рубинштейн т.б ғал ымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі 
саралауға 
байланысты 
мұғалім 
әрекеттерін 
В.Давыдов, 
Л.Занков, 
Ш.Амонашвили т.б. зерттеулерінде қарастырылған. 
Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне 
сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және 
әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-
педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ 
қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін 
ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң 
ықпал етудің тиімді жолы. Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық 
оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және 
мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі 
бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. 
Оқытуды саралаудың әдіс-тәсілдері кӛп. Оқытуды саралауды үйрену үшін 
бірқатар дағдыларды меңгеру қажет. Әрбір дағды кәсіби шеберліктің бір қырын 
дамытады, әрі олар бір-біріне сүйенеді. Уақыт ӛте келе бұл дағдылар әрбір 
мұғалімнің жұмысының ажырамас бӛлігіне айналуы мүмкін. Дегенмен, 
оқытудың кез келген жаңа тәсілін игеруге, оған машықтануға уақыт керек. 
Оқушыларымыз үшін қай тәсілдің қолайлы, оңтайлы екенін, ал қай тәсілдің кері 
ықпалы бар екенін анықтау арқылы біз ӛзіміз де үйрене отырып, оқыту 
тәжірибемізді жетілдіреміз.
Бастапқыда бұның бәрі де соншалықты ауыр болып кӛрінгенімен, ең 
бастысы бірінші қадам жасау. Бір мезгілде бір ғана тәсілді қолданыңыз. Сіз 
ӛзіңізге, сіздің мәдениетіңізге, оқыту стиліңізге лайықтап әдіс-тәсілдерді 
бейімдей аласыз, бұл тіпті пайдалы болмақ. Содан кейін екінші тәсілді қосыңыз 
немесе ӛз тәсіліңізді ойлап шығара аласыз. Осылай дами келе сіз оқытуды 
саралауда машықтанып, ӛзіңізді ыңғайлы сезінетін боласыз, әрі оқушылардың 


үлгерімін арттыруда бұның қаншалықты тиімді екенін ӛзіңіз де кӛре аласыз. 
Нәтижесінде сіз оқытуды саралау «бірқатар жаттығулар» емес екенін түсінесіз. 
Бұл - әрбір оқушы ӛзі үшін оңтайлы қарқынмен білім алатын сыныптағы 
оқушылар тобын оқыту мен бағалауды жоспарлау жолы. 
Сіздер ӛз тәжірибеңізде оқытуды саралауды қалай жүзеге асырасыз?
Сіз қосымша кӛмек кӛрсетуді қалай жоспарлайсыз? 
«Дойбы » әдісімен әр топ саралау тапсырмалары және оның тиімділігі, 
ерекшелігі туралы ӛз ойларын айтады. 
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? 
«Дойбы» әдісімен саралау жұмысын орындауда қолданатын әдіс түрлері және 
оның ерекшелігі туралы айтуға болады.
Нәтижесінде:
• тиянақты білім; 
• қиялдау мен шығармашылық; 
• тез тіл табысу;
• белсенді ӛмірлік кӛзқарас;
• командалық рух;
• жеке; дербестік құндылық;
• ӛз пікірін білдіру, еркіндік;
• іс - әрекетке ерекше назар аудару; 
• ӛзара сыйластық дағдылары дамиды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет