Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет175/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚТА 
 САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
Исаева Маржан Жунисбековна 
№127 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті 
Шымкент қаласы
Бүгінгі таңда оқушыларды оқытудың ең биік стандарттарын қамтамасыз 
етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдерінің маңызы ӛте зор болып 
табылады. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі 
әсерін тигізеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасындағы 
оқу мақсаттары оқушылардан ӛздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-
пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді.Ұстаздар білім 
алушыларды ӛздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, 
қызығушылығы жоғары, ӛзіне сенімді, жауапкершілігі мол, ӛзінің және 
жолдастарының 
іс-әрекетіне 
талдау 
жасай 
алатын 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
 
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
оқу бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын тәсілдердің бірі- саралап 
оқыту. 


Саралау - ( «Дифференциация» латынша айырмашылық) – білім беру 
мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға 
барынша қолайлы білім беру ортасын құру. Оқытудағы дифференциацияның 
негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке айырмашылықтарды біле отырып 
және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін анағұрлым оңтайлы болатын 
жұмыс түрін анықтау. 
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әр түрлі 
оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір 
оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей 
келе, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. 
Саралау түрлері мен тәсілдерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін 
ашу мен қолдауға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған 
мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік 
береді. 
Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген 
саралау әдістерін анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен 
қолдауды қажет ететін оқушыларды бағыттау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану 
керек. 
Қалыптасқан кең ауқымды дағдылар оқушылардың ӛз білімдерін кез келген 
жағдайға қалай бейімдеу керек екенін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез 
келген күрделі тапсырмаларды шешуге кепіл бола алады.
Мысалыға, балаларға олардың меңгерген білімдеріне негізделген жан-
жақты, әр түрлі тапсырмалар беріледі. Оның құрамына білім деңгейі әртүрлі 
оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне 
қарай түрлі кеспе қағаздары немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау, оқу 
тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, кӛлемі 
бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша. Мүғалім тапсырманы бәріне бірдей 
таныстырады, ал орындалу кезеңі тӛмендегідей болуы мүмкін: 
бір топ – мұғаліммен бірге;
бір топ- алдыменен мұғаліммен, содан соң ӛз бетінше; 
бір топ- ӛз бетінше.
Тапсырмалардың нұсқалары, қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен 
және кӛлемімен ерекшеленеді: 
1-
нұсқа- негізгі тапсырма
2-
нұсқа- кӛлемі үлкен, қомақты тапсырма 
3-
нұсқа- шығармашылық тапсырма 
Саралауды қамтамасыз ететін тапсырмаларды құруды тӛмендегідей түрі 
ұсынылады: 
Ашық түрде орындалатын тапсырмалар 
Қаламдық түрінде орындалатын тапсырмалар 
Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар 
Күтілетін 
нәтиже. Балалар қойылған мақсатқа сәйкес бірдей 
тапсырмалармен жұмыс істейді, бірақ мұғалім оқушылардың алдыңғы 
нәтижелерін ескеріп, әр оқушыдан әр түрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз - 
сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау 
әрекеті. Мұғалім бӛлімді меңгерту мақсатында тапсырма береді. Барлық 


оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың жауаптары, яғни нәтижелері 
әртүрлі болады. Оқушылар ӛздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап 
береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ой түйгендері абзал. 
Сабақта мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, 
олардың әрқайсысының ӛздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне кӛз 
жеткізулеріне әрекет жасайды. 
Жұмыс қарқыны. Оқушыларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды 
аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір 
оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша 
тапсырмаларды, кӛңіл бӛлуге тұратын кӛп күш жұмсауды талап ететін 
оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге кӛмек 
қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 
Қорытынды. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанмен олардың 
жауаптары әртүрлі болады. Мұғалім тапсырма береді, бірақ тек қана «дұрыс» 
жауап бағытында жұмыс істеуден гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және әлсіз 
тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау, 
тапсырмалар бере отырып, олардың әрқайсысының ӛздерінен не күтетінін 
түсінгендеріне кӛз жеткізу керек. 
Қолдау. Оқушылардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ 
олардың кейбіреулеріне басқаларға қарағанда кӛбірек немесе азырақ қолдау 
кӛрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. 
Мұғалім мәселені шешуде ӛзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін 
қажет ететін жоғары деңгейлі оқушылар тобын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, 
мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды 
қолдана алады. Тілдік қолдану мен ынталандыру да бұл тәсілде ерекше маңызға 
ие болады. 
Әрбір мұғалім дағдыларды дамытуда, әрі әр оқушының қажеттілігін ашуға 
негіздеудің жолын табу үшін оқыту үдерісі мен мазмұнды дұрыс саралау және 
олардың түрлерін тиімді таңдай білу қажет деп ойлаймын. 
Үдерісті саралау - бұл жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар 
орындайтын тапсырмалар, қойылатын проблемалық сұрақтар, оқыту әдістері 
мен оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу 
үдерісі - оның ӛз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының 
мазмұнын игеруі. Үдерісті оқушының ӛзара әрекеттесу барысында 
пайдаланатын ойлау үдерісі ретінде қарастыруға болады. Ол үшін мұғалім білім 
беру бағдарламасын тиімді саралау үшін ӛзгерістер енгізе алады.
Жоғары деңгейлі ойлау дағдысы. Пайдаланатын әдістер ақпаратты алуға 
емес, оны пайдалануға ерекше назар аудару қажет, оқушылар мәліметтерді 
жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін пайдалану керек, 
оны жаңа ӛнім жасау үшін пайдалану керек. 
Ашық ойын айту. Жаттығулардың басым бӛлігі ашық жаттығудан, яғни 
жалғыз дұрыс жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін 
тапсырмалар қажет. Осы тапсырманы орындағаннан соң менің жеткен 
жетістігім деп ӛз ойын ашық айта білу керек әрбір білім алушы. 
Ойлап табу. Жаттығулардың басым бӛлігі оқушылардың заңдылықтарды, 
идеяларды және негізгі материалдарды игеру үшін бағытталған. Осы негізгі 


қағидаттарды меңгере келе, ойлау үдерісін пайдаланып түрлі жаңалық ашуға 
жетелеу қажет. Зерттеуге, ізденуге жетелейтін тапсырмалардан тұруы қажет. 
Ӛз ойын дәлелдеу. Оқушылар ӛз қорытындыларын ғана емес, осы 
қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айту керек. Ӛз пікірін 
мейлінше еркін жеткізе келе, дәлелді пікірмен айтуы қажет. 
Таңдау еркіндігі. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру 
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек. 
Қарқын және әралуандылық. Жаңа материалды таныстыруда мүмкін болса 
қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын және әр 
түрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс. 
Мазмұнды саралау - бұл идея, оқушыға түрлі нысанда ұсынылған 
тұжырымдамалар, сипаттамалық ақпарат және нақты деректер. Саралау үшін 
білім беру бағдарламасының мазмұнын түрлендірудің кӛптеген тәсілдері бар. 
Пікірталастың, таныстырылымның, материалдар мен зерттеулердің негізгі 
бағыты пәндер арасында берілетін түсініктер мен қорытындыларға негізделуі 
керек. 
Күрделілік. Тұжырымдаманың күрделілігі мен кӛлемі, ұғымдар мен түсініктер 
арасындағы байланыс, сонымен қатар идеяны түсіну үшін оқытылатын пәннің 
кӛлемі мер әр түрлілігі бойынша анықталатын идеялар мүмкіндігіне қарай 
күрделі болуы керек. 
Қорыта келгенде, саралау тәсілдерін орындау негізінде оқытудың оң 
нәтижелеріне кӛз жеткіздім. Сабақты саралау әдістері арқылы оқытудың 
тиімділігі. Сабақтың мазмұны мен сапасы артады. Оқушы ӛз бетімен жұмыс 
жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады, жауапкершілігі артады, 
шығармашылығы артады. Жүйелі оқыту принциптері арқылы оқушы ӛзін-ӛзі 
дамытып, ӛзін-ӛзі бағалап, білім деңгейін ӛсіреді. Оқушы ӛз қызметіне талдау 
жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады. Саралау тәсілдері 
оқушылардың ӛз бетімен ізденіп, жұмыс істеуіне жетелейді және сабаққа оң 
нәтиже туғызуға әсер етеді. Саралау тапсырмаларды орындау оқушылардың 
белсенділігін арттырып, ӛмірге икемділігін дамытады, олардың сапалы білім 
алуына жәрдемін тигізеді. Әр түрлі ситуацияларды меңгеруге кӛмектеседі. 
Саралау тапсырмаларды қолдану барысында оқушылардың байқағыштығы, 
ойлауы, ізденушілік қабілеті ӛседі. Оның құрылымы мен мазмұны баланың 
қызығушылығын туғызып, оқушыны терең ой айтуға үйретеді. Саралау 
тапсырмалар орындату балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше 
оқушыны біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған 
сатылы жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет