137
Ленгмюр теориясы бойынша, жекеленген активті нүктелерге тартылған
адсорбтив молекулалары өзара әрекеттеспейді. Бірақ та адсорбциялық қабатта
жинақталған, жоғарғы молекулалық массалары бар молекулалар арасында өзара ілінісу
күші пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Ленгмюр теңдеуі дұрыс шешім бермейді.
Кейбір жағдайларда, айталық көмір, силикагель және де басқа қуыс, кеуек
адсорбенттерді пайдаланғанда Ленгмюр теңдеуінен гөрі Фрейндлих теңдеуі дұрыс шешім
береді.
Қатты дене
—
сұйық зат
жанасу шегіндегі адсорбция түрінің біріне жататын ион
алмастырғыш адсорбцияның маңызы аса зор. Ол жан-жақты зерттелген.
Достарыңызбен бөлісу: