арнайы адсорбция немесе
потенциал анықтаушы иондар адсорбциясы дейді. Мұндайда катиондар немесе аниондардың біреуі қатты
адсорбент бетіне (үстіне) ешбір ионмен алмаспай-ақ орналасып, оның беткі қабатына өз
зарядын орнатады. Адсорбцияның бұл түрі, әсіресе, коллиоидты системалар үшін аса
қажет, оның әсерінен қос электрлік қабат пайда болады.
3. Поляни және БЭТ теориялары. Қоспалардың адсорбциялануы. Иондардың адсорбциялануы. Электролиттердің адсорбциялануы. Ленгмюр теориясы тәжірибе
жүзінде жанасу бетінде орын алатын адсорбциялану құбылыстарымен сәйкестікте
болғанымен, кейбір жағдайларда бұл теориядан ауытқулар жиі байқалады. Сондықтан да
айтылып отырғандай Поляни теориясын тәжірибе жүзінде пайдаланған жөн.
Мысалы, газ, бу күйіндегі заттардың жеткілікті адсорбциялануы нәтижесінде
адсорбент бетінің толық қанығуы адсорбция мәнінде тұрақтануының орнына күрт артады.
Міне, осындай өзгешеліктердің орын алуын түсіндіру үшін М. Поляни көп қабатты
полимолекулалық адсорбциялану теориясын ұсынды.
Бұл көзқарастың негізгі қағидалары төмендегідей:
1.
Адсорбция процессі физикалық әсерлесу күштері арқылы жүзеге асады.
2.
Адсорбция активті орталықтарда ғана емес, бүкіл адсорбент бетінде туындайтын
адсорбциялық тартылыс күшінің өрісі нәтижесінде орын алады.
3.
Адсорбцилық тартылыс күшін туындататын өріс адсорбцияланатын молекула
мөлшерінен (размерінен) үлкендеу аралыққа әсер етіп, бірнеше қабат ( полимолекулалы)
адсорбциялану процесі орын алатындығын жоққа шығармыйды. Адсробент бетінде
асорбцияланған молекулалардың болуы, одан әрі адсорбциялагну жүруіне кедергі
келтірмейді.
4.
Адсорбциялық тартылыс күштері температураға тәуелді емес, яғни жүйе
температуасы өзгергенімен жанасу бетіндегі адсорбциялық көлем ауқымы өзгермейді.
Поляни ұсынған көп қабатты полимолекулалық адсорбция теориясында көлем
мөлшері өзгермейді.
Поляни ұсынған көп қабатты полимолекулалық адсорбция және Ленгмюрдің
мономолекулалық адсорбция теориялары С. Брунауэр, П. Эммет, Е. Тейлор (БЭТ-
фамилияларының бас әріптері) ұсынған теорияда жалғасын тапты.