142
электродты процестер; электр капиллярлық және электр кинетикалық құбылыстар;
қуысты (кеуек) денелердегі масса мен энергия алмасу процестері; поляризация құбылысы
мен оған байланысты ететін өзгерістері; көбінесе дисперсті системаның тұрақтылығымен
анық-талатын коллоидты бөлшектердін, өзара электростатистикалық әрекеттесуімен
байланысты өтетін құбылыстар. Осы ерекше құ-былыстардың бәрі де электрлі беттік
құбылыс деп аталатын қос электр қабаты арқылы өзара тығыз байланысқан. Мұндай
жалпы атаумен фазааралық бетте кос электр қабатының пайда болуы мен оның
салдарынан туындайтын өзгерістер аталады. Бұл құбылыстар электрохимияда, қатты
денелер физикасында, геофизикада қолданылады. Қазіргі коллоидты химияның негізі
болып саналатын коллоидты бөлшектер, яғни иондар, полюсті молекулалар, зарядталған
беткі қабат пен оның кейбір активті орталықтары іс жүзінде беттік құбылыстармен
байланысты.
Бақылау сұрақтары
1.
Электролит адсорбциясының қанша түрі бар?
2.
Поляни және БЭТ теориялары?
3.
БЭТ теориясының негізгі қағидалары?
4.
Ленгмюрдің мономолекулалы адсорбция теориясы?
5.
Хроматография әдісі?
6.
Қос электрлік қабаттың түзілуі?
Дәріс №23. Коллоидты жүйелердің электрлік қасиеттері
1.
Электрокинетикалық құбылыс. Лиофобты зольдің коллоидты
бөлшектерінің құрылысы. Ф.Ф.Рейсс жұмыстары.
2.
Қос электрлік қабаттың құрылысы.. ЭҚҚ потенциалдары. Беттік немесе
-потенциал. Электрокинетикалық потенциал
-(дзета) потенциал. Қос электрлік
қабаттың құрылысына электролиттердің әсері.
3.
Гельмгольц, Гуи-Чепмен, Штерн үлгілері. Электрокинетикалық құбылыс.
Электрофорез және электроосмос.
Достарыңызбен бөлісу: