141
уақыт өткенде, ірілігі өзара біркелкі ұсақталған сорбент міндетін атқаратын алюминий
оксиді әр түске боялған және бірінен-бірі белгілі қа-шықта орналасқан бірнеше сақина
секілді белшекке бөлінген. Бұл әдіс алғашқыда түрлі-түсті бояуға байланысты
болғанлықтан, оны Цвет хроматография деп атаған. Ол атау сол күйі сақталса да,
оның түрі мен әдісі өте көп және олар ешбір бояусыз-ақ жүргізіледі.
Қазіргі хроматографиялық талдау әдісі — бір фазада басқа бірнеше компоненттен
тұратын басқа фазаның жылжу жылдамдығына негізделген физикалық-химиялық белу
процесі.
Фаза араларындағы қоспа құрамына енетін компоненттердің таралу механзимі екі
түрлі болуы мүмкін. Бұл таралу механизмі бойынша адсорбциялық және таралу
хроматографиясы болып бөлінеді. Ал агре-гаттың күйге байланысты таралу механизмі
жылжитын және жылжымайтын фазаға жіктеледі. Мұнда адсорбциялық механизм
бойынша жүретін қатты дене жылжымайтын , газ жылжитын фазадан тұратын газды
немесе газ-адсорбциялық хроматографияға, ал таралу механизмімен жүзеге асатын
жоғары температурада қайнайтын сұйық фаза жылжымайтын, газ жылжитын фазадан
тұратын газ-сұйыктық хроматографияға бөлінеді. Бұлар күрделі органикалық қосылыс
кұрамын анықтауға, жалпы аналитикалық химияда, ендірістік лабораторияларда кең
қолданылады.
Аl
2
O
3
қағаз
қызыл
сары
көк
ерітінді
Қоңыр
3-сурет 4-сурет
Жылжымайтын сұйық фазаны орналастыру әдісі де сан алуан. Олардың арасында
аса кең тарағандардың бірі — 46-суретте көрсетілгендей колонкалы хроматография.
Шыны не металл колонкасын (түтікті) ірілігі біркелкі сорбатпен толтырады. Ал оның
келесі түрі лабораториялық талдауда жиі қолданылатын, 47-суретте көрсетілген қағазды
хроматография әдісі. Ондағы жабық шыны ішіндегі бөлінетін компонент ерітіндісі
арнаулы қағаз бойына сорылып, жоғары жылжығанда әр түрлі биіктікке
көтеріледі.Сондай-ақ сұйықты хроматографияның тағы да бір түрінде, қозғалмайтын
фазаны фольга, қағаз сияқтыларға өте жұқа, біркелкі қабат етіп бекітеді де, одан бөлінетін
компоненттер қоспасының ерітіндісін жылжытады.
Соңғы жылдары капиллярлық сұйықтық хроматография әдісі кең
колданылуда. Онда ете жіңішке капилляр ішіне жылжымайтын сұйық фазаны
орналастырады. Ал газды хроматография өзінің өте тез нәтиже беруімен катар, тек
аналитикалық талдау әдісінде ғана емес, өндірістегі қолданбалы ғылыми зерттеулерде
қажетті заттардың құрамын, адсорбция жылуын, өзара әрекеттесу кезіндегі активтілік
коэффициентін, тағы да басқа сипаттарын анықтауға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: