Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Ион алмастырғыш адсорбция



Pdf көрінісі
бет106/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Ион алмастырғыш адсорбция. 
Ерітіндідегі күшті электролиттер толығымен 
дерлік диссоциация әсерінен иондарға ыдырайтындықтан, оларға кәдімгі адсорбциялық 
және әр түрлі электр күштері әсер ету нәтижесінде осы электролиттерді қатты адсорбент 
бетінде адсорбциялаудың өз ерекшеліктері болады. Күшті электролит иондарын 
адсорбциялау екі тектегі күштің әсері арқылы жүреді екен. Олар адсорбенттің беттік 
молекулалық және иондар адсорбцияланғанда пайда болатын электр күші. 
Электролит адсорбциясының үш түрі бар: эквивалентті; ауыспалы; ерекше немесе 
таңдамалы. 
Эквивалентті 
адсорбция 
кезінде электролит молекуласы түгелдеп сіңіріледі. Оны 
былай түсіндіруге болады. Берілген электролиттің жақсы адсорбцияланатын ионы өзінің 
екінші нашар адсорбциялаиатын ион жұбын (электролит молекуласы екі ионнан тұрады) 
адсорбент бетіне тартады. Мұнда екінші ионның адсорбцияланғыш қабілеті артады да, 
ерітіндідегі адсорбциялайтын басқа иондар бірінші ионның адсорбциялануын 
төмендетеді. Сөйтіп екі ион да бірдей (эквиваленттілік жағдайында) адсорбцияланады, 
сондықтан да эквивалентті адсорбцияны молекулалық деп те атай береді. Ол әлсіз 
электролиттерге тән. Эквивалентті адсорбция жағдайында, фазалардың жанасу шегіндегі 
электр нейтралдылық сақталады. 
Ал 
ауыспалы адсорбция 
құбылысында электролит иондарының біреуі іріктеле 
келіп, адсорбент бстіне жақындағанда қатты адсорбенттен осы мәндегі зарядтас басқа ион 
ерітіндіге алмасады. Сөйтіп электролит ерітіндісіндегі және қатты адсорбенттегі аттас 
иондар бірімен-бірі орын алмасады екен. Мұндай ион алмастыру құбылысы тепе-теңдік 
жағдайында, яғни эквивалентті түрде алмасқандықтан, екі фазаның жанасу шегі әркез 
электр нейтралды болады. Әдетте ауыспалы адсорбция басқа адсорбциядан баяу жүреді 
және оны хемосорбция процесі ретінде де қарастыруға 
болады. 
Егер ауыспалы адсорбция кезінде адсорбент өзіне сіңірген ион орнына 
ерітіндіге сутектің немесе гидроксидтің эквивалентті ионын берсе, онда мұндай 
адсорбцияны гидролиттік деп айтады. Мысалы, натрий хлориді, калий хлориді немесе 
нитраты секілді нейтрал тұздардың ерітіндісін активтелген көмір арқылы өткізсе, онда 
активтелген көмір осы ерітіндіден өзіне аниондарды адсорбциялап олардың орнына 
гидроксил тобын береді, сөйтіп ерітінді әлсіз сілтілік орта көрсетеді. Олай болса, 
гидролиттік ауыспалы адсорбция кезінде активті бетте; жанасу шегінде болатын көптеген 
ауыспалы не басқа да құбылыстарға қарамастан сутек және гидроксил иондары алмасады. 
Енді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет