Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Зарядтардың адсорбция нәтижесінде пайда болуы



Pdf көрінісі
бет114/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

2.3 Зарядтардың адсорбция нәтижесінде пайда болуы
Электролиттердің қатты дене бетінде ерітіндіден адсорбциясын қарастырған кезде 
иондардың таңдамалы адсорбциясының болатынын Зйтқан болатынбыз. Ендеше 
иондардың адсорбциясының нәтижесінде бөлшектер /дисперстік фаза/ 
зарядталады.
АgJ кристалының ертіндідегі болатын қос электрлік қабатты 
сұлбалық түрде былай көрсетуге болады. Бұндағы 
бетке 
адсорбцияланатын 
ионды, 
яғникристалдық 
торға 
енетін 
J
-
 
ионынпотенциал анықтағыш ион деп атайды. Ол бөлшекті теріс 
зарядтайды. Ал К+ ионы /оны қарсы ион деп атайды/ ертіндіде фаза 
арасына жақын орналасқан болады. 
6-сурет 
Осы 6 - суретте көрсетілген комплексті мицелла деп атайды. Ол электрбейтарапты 
болады. Бұл айтылған мысал егер бетіміз иондық құрылысты болғанда ғана болады. Онда 
өзімізге белгілі Панет-Фаянс ережесі бойынша адсобцияланатын ион- беттегі ионмен 
ерімейтін, иә осы қиын қосылыс түзетін ион болады. 
Адсорбцияланатын ионның кристалдық торға енуі шарт емес. Мысалы, әлсіз сілті 
ертіндісіндегі графит бөлшектерінің қос электрлік қабаты гидроксиль иондарын 
адсорбциялаудың нәтижесінде болады. Қарастырылып отырған жағдайда ОН
-
ионының 
адсорбциялық қабілеті Na
+
ионының адсорбциялық қабілеттілігінен жоғары болуымен 
түсіндіріледі. 
Фазалар арасында болатын қос электрлік қабаттың пайда болу себептерін айттық. 
Енді осы қабаттың құрылысына тоқталайық. 


146 
2.4. Қос электрлік қабаттың қурылысы
Бұл тақырыпты баяндауды жеңілдету үшін жазық электрлік қабатты қарастырамыз. 
Ал шын мәнінде коллоидтық ертінділерде және уақ тесікті денелерде бұндай жазық 
қабаттар іс жүзінде кездеспейді. Егер қос электрлік қабаттың қалыңдығы беттің 
қисықтылығының радиусынан кіші болса, онда электрлік қабатты жазық деп қарастыруға 
болады. 
Бұдан басқа қос электрлік қабатты қарастырғанда тағы басқа жалпы жағдайларды 
еске алу керек. Ол жағдайларды қос электрлік қабаттың теориясын жасағанда теория 
авторлары еске ала отырып жасаған қос электрлік қабат дисперстік фазамен 
салыстырмалы түрде мықты байланысқан иондардан /потенциал анықтағыш иондардан / 
және оған эквивалентті мөлшердегі сұйық дисперсиялық ортада болатын заряды қарама -
қарсы иондардан /қарсы иондардан / тұрады. Беттегі заряд бүкіл бетке бірқалыпты тараған 
беттік заряд деп қарастырылады. Қарсы иондар мен қос электрлік қабатқа кірмейтін қарсы 
иондардың зарядымен зарядтас, ертіндіде болатын бос иондардың арасында динамикалық 
тепе-теңдік болады. Дисперсиялық ортаны қос электрлік қабатқа әсері тек диэлектрлік 
тұрақтылығымен болатын шексіз фаза деп қарастыруға болады. 
Міне осы жоғарыда айтылған жағдайларды еске алатын болсақ онда қос электрлік 
қабаттың құрылысының теорияларының айырмашылығы, сол қарсы иондардың 
қабаттарының құрылысын әртүрлі түсіндірумен шектеледі. Енді осы қос электрлік 
қабаттың құрылысының теорияларына тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет