Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет115/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Бақылау сұрақтары 
1.Қос электрлік қабаттың құрылысы? 
2.Қос электрлік қабаттың теориясын қай ғалымдар жасады? 
3.Гуй - Чэпмен теориясы қай ғалымдардың теориясына негізделіп жасалды
 
 
 
Дәріс №24. Гельмгольц, Гуи-Чепмен, Штерн үлгілері. Электрокинетикалық 
құбылыс. Электрофорез және электроосмос 
1 Гельмгольц - Перрен теориясы 
2.Гуй - Чэпмен теориясы 
3.Штерн теориясы
 
1 Гельмгольц - Перрен теориясы
Бұл теория бойынша қос қабат бір жағы қатты дене бетінде екінші жағы қарама-
қарсы зарядталған сұйықтықта болатын жазық конденсатор есебіне қарастырылады. 
Әрине, ол екі жақтың арасын өте жақын деп есептейді. Бұндай қос қабаттың потенциалы 
жазық конденсатордың потенциалына тең, осы екі жақтың арасында өте күрт өзгеретін 
/түзу бойынша 7-суретті қара/ болады да, ал беттік зарядтың мәні 
ІцІ 
физикадан белгілі 
мына формуламен анықталады: 
мұндағы: Е - ортаның диэлектрлік тұрақтылығы 

дисперстік 
фаза 
мен 
дисперсиялық 
ортаның
потенциалдарының айырмасы. 
δ- конденсатордың екі жағының ара қашықтығы. 
7- Суреттегі штрихталған бөлік дисперстік 
фазаны, алштрихталмаған бөлік - 
дисперсиялық ортаны көрсетеді. Қос электрлік қабатты түзетін потенциал анықтағыш ион 
мен қарсы ион (+) және (-) пен белгіленген. Бұл суретте қос электрлік қабатта ғана емес 
оған қоса потенциалдың жалпы мәні қатты фаза мен ерітінді арасындағы потенциалдың 
мәніне тең. 


147 
7. - суреттегі қос электрлік қабаттың құрылысының сұлбасы электркинетикалық 
құбылыстардың көп ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Сол себепті қазіргі кезде бұл 
сұлба коллоидтық химия үшін тарихи жағынан ғана қызықты. Осы сұлбаның негізгі 
кемшіліктерін айта кеткен жөн. Гельмгольц - Перрен жасаған теория бойынша қос 
электрлік қабаттың қалыңдығы өте аз, молекуланың шамасындай ғана.
Ал гидродинамикалық зерттеулердің нәтижесінде қос 
электрлік қабаттың қалыңдығы одан да көп болатын белгілі 
болды.
Егер Гельмгольц - Перрен теориясы дұрыс болса, онда 
электркинетикалық құбылыстар болмау керек еді, ал олардың 
болатыны бізге мәлім. Егер, бұрындағыдай қозғалу жазықтығы 
қос электрлік қабаттағы екі жақтың арасында болады деп 
есептесек те Гельмгольц - Перрен теориясының дұрыс емес 
екенін көруге болады. 
7-сурет 
Шындығында 
да 
егер 
электросмос, 
электрфорез 
құбылыстарындағы электркинетикалық потенциалдың мәнін алып қарастырсақ, егер 
жоғарғы теория дұрыс болатын болса электркинетикалық потенциалдың мәні, потенциал 
анықтағыш ион мен жалпы қарсы ионның арасындағы потенциалдар айырмасына тең 
болуы керек. Ал көптеген тәжрибелер электркинетикалық потенциалдың жалпы 
потенциалдан кем екенін және оның көптеген факторларға байланысты екенін көрсетті. 
Мысалы жалпы потенциал индифферентік электролитке тәуелсіз болса /әрине олардың 
иондарының кристалдық торға ену қабілеті болмаған жағдайда/, электркинетикалық 
потенциал олардың әсерінен күшті өзгереді екен. 
Міне осы айтылғандар, жалпы потенциал мен электркинетикалық потенциал екі 
түрлі шама, ал Гельмгольц -Перрен теориясы электркинетикалық құбылыстарды түсіндіре 
алмайтындығын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет