Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет123/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Диализ.
Жартылай сіңіру қабілеті бар кеуек арқылы өтетін қоспалардан 
коллоидты ерітінділерді арылту әдісін диализ дейді. Бұл өте қарапайым және жеңіл әдісті 
Грэм ұсынған болатын. Диализ әдісі коллоидты ерітіндіні тазалағанда жартылай өткізетін 
кеуектен нағыз ерітінділер өтеді де, ал бөлшек өлшемі ірілері сүзіліп, етпей қалу 
құбылысына негізделген. Диализ жүргізілетін қондырғыларды диализатор деп атайды. Ол 
үлкен науа ішіндегі жартылай өткізетін кеуектен жасалған қалтадан тұрады. Қалта ішіне 
коллоидты ерітінді құйылады да, науа ішінде ылғи су ағызы-лып тұрады. Осы кезде 
кеуектен өткен қоспа ерітінділер су мен науадан ағып кетеді. Қалта ішіндегі және 
сыртындағы ерітінді концентрация айырмасы артқан сайын диализатордың өнімділігі 
жоғарылай түседі. Диализатордың басты кемшілігі диализ процесінің баяу жүретіндігінде. 
Электродиализ.
Бұл — диализ әдісін электр тогын пайдаланып, жеделдетілген 
әдіс. Әр түрлі үлгі бойынша құрастырылған элек-тродиализаторлардың жұмыс істеу 
негізі бір. Ол ішкі қабырғалары жартылай өткізетін қабілеті бар кеуектен жасалған үш 
науадан тұрады. Осы үш науаның ортасындағысына тазаланатын коллоидты ерітінді, ал 
сыртқы екі науаға ағын су — еріткіш құйылады. Сыртқы науа ішіндегі электродқа трақты 
ток кернеуі беріледі. Ондағы потенциал 2 — 5-10
3
В/м-деп кеміген кезде, коллоидты 
ерітіндідегі әрбір ион өзіне сәйкес келетін полюстегі электродқа қарай бағытталады. Кеуек 
арқылы тек иондар ғана өткендіктен, коллоидты ерітінді өзіндегі қосымша 
электролиттерден тазалана бастайды. Кәдімгі жай диализаторлардағы тазарту процесі 
тәуліктеп жүрсе, ал электродиализаторлардағы бұл процесс өте жылдам өтеді және 
еріткіш шығымы барынша азаяды. Соңғы кезде электродиализ әдісі биохимияда, 
медицинада, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылуда. 
Ультрасүзу. 
Ултьтрасүзу деп катты, қуысты денеге арнайы бекітілген жартылай 
өткізгіштік қабілеті бар кеуек сүзгіштер арқылы коллоидты ерітіндіні сузу процесін 
айтады. Кәдімгі сүзгіш қағаз арқылы коллоидты ерітінділер оңай өтетіндіктен,
ультрасузу кезінде арнаулы целлофан немесе коллоид сіңірілген сүзгіш қағаздар 
пайдаланылады. Әдетте ультрасүзу процесі үлкен қысымда не вакуумда жүргізіледі. 
Мұндайда не сығу, не copy құбылыстары пайда болып, олар сүзу ісін тездетеді және
осы кезде дисперсті фаза, яғни коллоидты бөлшектер сүзгіште қалады да, «керексіз 
ерітінді» сүзгіштен өтеді. Ультрасүзу әдісі жоғары молекулалық қосылыстардың 
зольдері мен ерітінділерін концентрлеу үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс, әсіресе, 
коллоидты система температураға тәзімсіз болған жағдайда аса құнды. Ультрасүзу кезінде 
тек белгілі дисперстік дәрежедегі коллоидты бөлшектерді өткізетін сүзгіш-терді қолдану 
аркылы олардың өлшемін анықтап, сұрыптауға да болады. Осы негізге сүйене келіп, 
көптеген вирустар мен бактериялардың өлшемі алғаш рет дәл анықталған. Соңғы кезде 
электро-диализ және ультрасүзу әдісі бір қондырғыда біріктіріліп колданылуда. Мұндай
құрама әдісті
электроультрасүзу
дейді. Әрине оның жылдамдығы өзіне дейінгі 
әдістегіден едәуір жоғары. 


157 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет