Алмасымды ыдырау. Күрделі екі химиялық қосылыс өзара әрекеттескенде, әуелі
иондарға ыдырап, сосын иондарымен алмасады. Осы кезде жаңадан тузілетін
қосылыстардың бірі ерітіндіде ері-местен, тұнбаға шөгінді ретінде түсуге бейім келеді.
Егер осындағы мұндай заттарды коллоидты өлшемдегі бөлшек қалпында ұстаса, онда осы
қосылыстың золі пайда болады.
BaCl
2
+ K
2
SO
4
→ВaSO
4
J↓ + 2KCl
AgNO
3
+ KCl →AgCl↓ + KNO
3
Мұндағы барий сульфаты мен күміс хлориді тұнбаға түседі. Ал осы ерітінділерді өте
теменгі концентрация кезінде араластырса, онда бүкіл ерітінді көлеміне бірдей таралған
өте ұсақ түйіршіктер пайда болады. Осы бөлшектерді тұрақтандыру үшін желатин
ерітіндісін қосса, ол әлгі бөлшектерді сыртынан орап, біріктірмейді. Мінеки, осындайда
тұрақты коллоидты ерітінді туындайды.
Гидролиз. Көптеген металдардың тұздары жеңіл гидролизденіп, металл
гидроксиді мен қышқылға ыдырайды. Осындай реакция кезінде пайда болатын металл
гидроксидтері нашар еритін болса, онда түрлі коллоидты ерітінді шығады. Мысалы, өте
әлсіз негіз бен аса күшті тұз қышқылының тұзы — темір (III) хлориді гидролиз реакциясы
арқылы нашар еритін темір (III) гидроксидіне және тұз қышқылына ыдырайды:
ҒеС1з + ЗН
2
О→Ғе(ОН)з + ЗНСІ
Ғе (ОН) з + НСІ→ҒеОСІ →+ 2Н
2
О.
Осы реакция кезіндегі пайда болатын темір тұзы (ҒеОСІ) ішінара иондарға
диссоциацияланады: ҒеОС1→ҒоО
+
+ С1
-
. Осы иондар темір (III) гидроксидінен тұратын
бөлшектердің айналасында болатын ионогенді қабатпен қамтамасыз етіледі және осының
салдарынан да олар ерітіндіде қалқып, жүзгін түрінде жүреді, яғни тұнбаға түспейді.
Еріткішті ауыстыру. Нағыз ерітіндінің еріткішін басқа еріткішпен алмастырғанда
жаңадан пайда болған ерітіндіде ерімейтін аса жоғары дисперсті фазадағы коллоидты
система туындайды. Мысалы, кәдімгі ағаш шайыры спиртте өте жақсы еріп, нағыз ерітінді
түзеді. Осы ерітіндіге таза суды біртіндеп қосса, онда бастапқы нағыз ерітінді коллоидты
ерітіндіге айналады. Мұнда спирт суда жақсы ериді де ағаш шайыры спиртте жақсы
ерігенімен суда нашар еритіндіктен, аса жоғары дисперсті фазадағы коллоидты ерітіндіге
айналады. Осындай әдіспен күкірттің, фосфордың, ағаштан алынатын хош иісті қара
майдың, полимерлердің, тағы да басқа көптеген заттардың коллоидты түрін алуға болады.