Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет120/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Электрлік әдіс.
Бұл әдісті 1898 жылы Бредич ұсынған болатын. Көбінесе 
электрлік әдісті асыл металдардың коллоидты ерітінділерін алу үшін қолданады. Әдетте
платина, алтын, күміс сияқты коллоидты ерітінділер алынатын асыл металдардан 
әзірленген су ішіндегі екі электрод арасында электр доғасын тудырады. Осы кезде 
электрод арасында пайда болған электр доғасының әсерінен шыққан өте жоғары 
температурада әуелгі асыл металл балқып буланады да, су ішінде салқындап, өлшемі 
коллоидты бөлшек шамасындағы дисперсті фаза құрайды. Бүкіл процесс сумен 
салқындату арқылы жүргізіледі. 
Коллоидты жүйелерді дисперсті әдіспен алу: механикалық дисперстеу немесе 
пептизация. Коллоидты мицелланың құрылысы.
 
Коллоидты жүйелерді дисперсті әдіспен алу: механикалық диспестеу немесе 
пептизация. 
Дисперстік әдіс берілген үлкен қатты затты әуелі майдалап, сосын оны 
ұнтақтап, коллоидты-дисперсті бөлшектерге дейін кішірейтуге бағытталған. Мұның өзін 
бірнеше әдіспен жүзеге асырады.
 
Механикалық әдіс. 
Механикалық әдіс берілген қатты заттың үлкен бөлшектерін 
ұзақ және тоқтаусыз, әрі жылдам ысқылау, ұнтақтау сияқты механикалық жолмен
кішірейтуге бағытталған. Бұл арнайы машиналармен жүзеге асырылады, шары бар 
және коллоидты диірмендер қолданылады. Шары бар диірмен— (техникада оны шарлы, 
шарлық диірмен дейді) ішінде әр түрлі өлшемдегі болат не фарфор, тіпті кейде басқа да 
қатты заттардан әзірленген шары бар, іші қуыс болат цилиндр. Әдетте диірмен ішіндегі 
астар мен шариктер біртекті және ұнтақталатын заттан едәуір қатты болады. Осындай 


154 
диірмен ішіне дисперстелетін зат пен түр-лі өлшемдегі шарлар бірге салынады да белгілі
жылдамдықпен, электромотор көмегімен айналдырылады. Ондағы ұнтақталу шар 
көмегімен жүзеге асады. Мұндай диірмендер әр түрлі дисперстелген жүзгіндерді алу үшін 
кеңінен пайдаланылады. Әйтсе де бұл диірменде ұсақталған заттардың дисперстілік 
дәрежесі төмен, ондағы бөлшектердің диаметрі — 50—60 мкм шамасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет