164
зерттегенде 1882 жылы Шульц және 1900 жылы Гарди бірінші
болып анықтағандықтан,
Шульце-Гарди ережесі деп те атайды; 3) органикалық қатардағы иондардың ұйыту әсері,
олардың адсорбциялық қабілетіне орай еседі; 4) бейорганикалық иондар қатарында,
олардың гидротациялану активтілігі валенттілік төмендеген сайын ұйытушылығы артады;
мысалы, бір валентті катиондар мен аниондар қатарындағы олардың гидротациялану және
ұйыту активтіліктері келесі жүйе бойынша өзгереді:
Ұйыту активтілігінің өсуі
Li
+
Na
+
R
+
Rb
+
Гидротация дәрежесінің өсуі
Ұйыту активтілігінің өсуі
Cl
-
Br
-
I
-
CNS
Гидротация дәрежесінің өсуі
2-сурет
Мұндай бір валенттіліктегі гидротация дәрежесінің
кему ретіне орай
орналасқан қатарларды лиотропты немесе Гофмейстер қатары деп атайды; 5) көбінесе ұю
процесі басталған сәтте дзета-потенциал төмендеп, өз шегіне (шамамен 0,036) жетеді; 6)
электролит қосып ұйытылған коллоидты ерітіндідегі тұнбаға ұйып түскен шөгіндіде,
әрқашан оны осы күйге жеткізген иондар бірге болады мысалы, барий хлоридінің
көмегімен күкіртті мышьяктің золін ұйытқанда тұнбаға
түскен теріс зарядталған бөлшектерден
тұратын шөгіндімен
бірге барий катионының едәуір саны кездеседі.
Ұю процесін теориялық тұрғыдан зерттеудің екі түрлі
мақсаты
бар:
зольдердің
агрегаттық
тұрақтылығын
қамтамасыз ететін жағдайды анықтау; толық не жартылай
тұрақтылығынан
айырылған
системалардың
ұю
жылдамдығын зерттеу. Мұндағы екінші мәселенің шешілуі
біршама жеңілдеу. Смолуховский тәжірибе нәтижесінде
алынған деректерге қайшы келе бермейтін ұю құбылысының
кинетикалық теориясын ұсынды. Ал коллоидты системаның тұрақтылығына бағытталған
проблемалық мәселе әлі
де болса, өз шешуін толық таппай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: