Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Коагуляция механизмі. Индифферентті электролитке коагулятор ионының



Pdf көрінісі
бет131/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

4. Коагуляция механизмі. Индифферентті электролитке коагулятор ионының 
зарядының әсері. Дұрыс емес қатарлар. Электролит қоспалармен зольдерді 
коагуляциялау. 
Гетерокоагуляция. 
Колоидтардың 
өзара 
коагуляциялануы. 
Зольдердің бейімделу құбылысы. Коллоидтарды қорғау. 
Коллоидты ерітінділерге кейбір электролитті қосқанда тұрақты екі облыстың пайда 
болуы байқалады, олардық біреуі төменгі, ал екіншісі одан жоғары концентрацияға сәйкес 
келеді. Бұл құбылысты көбінесе «дұрыс емес қатарлар» деп атайды. Тұрақтылық 
зонасының кезектесуі ұйытушы иондары көпвалентті болып келетін элеткролиттерге тән. 
Тұрақтылық зонасының кезектесу себебін түсіну үшін зольдердің тұрақтылығы, 
бөлшектегі зарядтың шамасы мен белгісін сипаттайтын электрофорез жылдамдығын 
салыстыру керек (4-сурет). Мұндағы 
С 
— электролит концентрациясы, оның мәні 
абсцисса осінде, 

— электрофорез жылдамдығы ордината осінде өрнектеледі, 1-
тұрақтылық зоналары, 2-ұю облыстары (торланған).


168 
4-сурет 
Осы суреттен байқалатындай, бөлшек зарядының абсолюттік шамасының азаюы 
ұюдың бірінші облысына тура келеді. Сонан соң бөлшек қайтадан заряд ала бастайды, 
бірақ та оның мәні кері болғандықтан, оған екінші тұрақтылық зонасы сәйкес келеді. 
Электролит концентрациясын онан әрі жоғарылату бөлшектегі заряд шамасының кемуіне 
әкеледі және осы тұста золь де ұйиды. Тұрақтылық пен зарядты салыстыру «дұрыс емес 
қатарлар» құбылысының беткі қабаттың қайта зарядталуынан екенін көрсетеді. 
Потенциал анықтаушы иондарды алмастыру нәтижесінде де беткі қабаттың заряды 
өзгеруі мүмкін. Мысалы, теріс зарядталған иодты күміс золіне аз мөлшермен азот 
қышқылды күміс ерітіндісін ақырын қосу арқылы, ондағы кристалл торына күміс 
катионын енгізуге болады; мұнда электролит концентрациясы жоғарылаған сайын 
бөлшектегі зарядтың абсолюттік шамасы кемиді екен; сонан соң кристалл торын 
толықтыратын күміс катионының енуі салдарынан беткі қабат оң зарядталып, зарядтың 
нөлдік нүктесі аркылы өтеді. Зонаның кезектесуіне екінші себеп — зарядталған беткі 
қабатқа кері иондардың адсорбциялануы. Көпвалентті иондардың әсерін жан-жақты 
зерттеу көпвалентті металл иондары адсорбцияланғанда беткі қабаттағы қайта зарядталу 
құбылысының жүрмейтінін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет