Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Структуралық-механикалық тұрақтылық



Pdf көрінісі
бет125/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Структуралық-механикалық тұрақтылық.
Дисперсті системаның тек 
полюсті системадағы ғана емес, сондай-ақ оның көмірсутекті ортадағы тұрақтылық 
проблемасын П.Ребиндер мен оның ғылыми мектебі қарастырып келеді. Лиофобты 
системаның тұрақтылығын арттырудағы барынша жалпы жай, ол бөлшектің беткі 
қабатында мейлінше берік адсорбциялық қабаттың пайда болуын немесе дисперстік 
ортаның едәуір берік структурасын кұрайды. Мұндағы бірінші жағдайға орай,
пайда болатын адсорбциялық қабат бөлшектерді бір-біріне жақындатпайтын 
механикалық кедергі болатындықтан да, онда коллоидты ерітіндінің ұю құбылысы жүзеге 
аспайды. Сонда, бұл системадағы бөлшектердің кездесуі жылулық қозғалыс әсерінен 
адсорбциялық қабаттардың тек серпімді ғана қақтығысуына саяды. Ал, екінші жағдайда,
системада пайда болған структуралық тор бөлшек қозғалысын шектейді екен. Өзінің 
құрамына әрі мықты адсорбциялық қабаттардың пайда болуын, әрі көлемдік 
структураның туындауын қосатын структуралық-механикалық тұрақтылықтың
көмегімен зольдерге электролиттердің енуіне сезімтал қабілет беруге болады. Су 
системасындағы жақсы әсер етуші тұрақтандырушылар, ол белоктар мен олардыд 
жартылай гидролиз кезіндегі өнімдері. Зольдерге полисахаридтерді, синтетикалық 
полимерлерді қосу арқылы олардың тұрақтылығын арттыруға болады. 
Су ерітіндісіндегі түрлі заттардың тұрақтандырушы әсерін салыстыру үшін 
көптеген тәжірибелер жургізілді. Үлгі ретінде алтын және конго-рубин зольдері алынды. 
Ұюдан қорғайтын әсердің өлшемі ретінде зольдің белгілі көлемдегі мөлшері, ұйымайтын 
қорғаушы заттың саны қабылданды. Мысалы, 10 см
3
коллоидты ерітіндіні ұюдан қорғау 
үшін белгілі концентрациядағы электролиттің мөлшерін, айталық 1 см
3
10%-тік натрий 
хлоридін қосу керек. Осы санды қорғаушы сан деп атайды. Сол секілді алтын мен 
конгорубин зольдерін ұюдан қорғайтын затты миллиграммен өрнектеп, оны алтын және 
рубин сандары деп атайды. 
Желатин, натрий казеинаты, альбуминдер және сол сияқты зольді ұюдан қорғаушы 
заттардың арасында сапалық ерекшеліктер бар екен. Мысалы, желатинмен гемоглобинді 
салыстырсақ, оның алтын саны 6 есе артық, ал рубин саны керісінше 3 есе кем екен. Әйтсе 
де бұлардың бәрі золь қасиеті әр түрлі болғандықтан оны ұюдан қорғаушы затқа 
сипаттама болмайды. Белоктардың, полисахаридтердің және басқалардың қорғаушы 
қасиеті жоғары дисперсті суда еритін дәрі-дәрмектерді әзірлегенде жиі пайдала-нылады. 
Полюсті емес ортадағы зольдерді ұюдан қорғау үшін, дисперстік ортаға көп валентті 
металдардың сабының жоғары молекулалық қосылыстарын қосады. Бұл әдіс бензолдағы, 
толуолдағы және басқа да көмірсутекті ортадағы металдардың және оксидтердің тұрақты 
золін алу үшін жиі пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет