Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Адсорбцияның БЭТ теориясы



Pdf көрінісі
бет109/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Адсорбцияның БЭТ теориясы. 
Бұл теорияны адсорбцияға арнап 1945 жылы 
ғалымдар Брунауэр, Эммет, Тэллор ұсынды және осы авторлар фамилияларының бас 


140 
әріптерінен қысқартылып, ол адсорбцияньщ БЭТ теориясы деп аталады. БЭТ теориясы 
адсорбциядағы Ленгмюрдің динамикалық сипатын сақтап қалған. Бұл теория бойынша 
адсорбция көп қабатты болып есептеледі. Осы көп қабаттың біріншісі 
адсорбент 
— 
адсорбат
арасындағы молекулааралық әрекеттесу әсерінен пайда болады, яғни 
адсорбент бетіндегі бірінші молекула қабаты құралады. Енді осы бірінші қабаттағы әрбір 
адсорбцияланған молекула келесі адсорбциялық қабатты түзуші орталыққа немесе 
тартушы күшке айналады. Осылайша екінші қабаттағы әрбір молекула үшінші кабатты
түзуші орталыққа айналады, өстіп қабат саны арта береді. Оның пайда болу үлгісі 45-
суретте кескінделген. 
Бірінші қабаттағы адсорбция жылуы 
адсорбент-

адсорбат 
арасындағы 
әрекеттесу әсерімен анықталады, ал қалған екінші, үшінші қабат арасындағы мұндай 
жылу адсорбцияланатын молекулалардың өзара тартылысы арқылы сипатталады. 
Сондықтан да екінші қабаттан бастап, олардағы адсорбция жылуы сондағы 
молекулалардың конденсацияланған жылуына тең. Екінші және келесі қабаттардың
пайда болуы бірінші қабаттың әлі бітпеген кезінде де бастала береді. Әрбір 
адсорбциялық қабат өзін қоршаған ортамен және көршілес өзге қабаттармен өркез 
динамикалық тепе-тецдікте болады. Ондай тепе-теңдіктегі адсорбциялық қабат үлгісі 2-
суретте керсетілген. 
2-сурет 
Капиллярлық конденсация. 
Адсорбциямен қатар капиллярлық конденсация 
құбылысы, яғни қаныққан бу қысымы аз кездегі адсорбат буының конденсациясы 
байқалады. Адсорбция кезінде адсорбент қуысындағы ішкі қабырғалар адсорбцияланатын 
заттың буымен өте жұқа пленка болып жабылады (астарланады). Олар сұйықпен жақсы 
жұғысады. Мұндағы тепе-теңдік қысымының қаныққан будың серпімділігінен кіші 
болатыны физикадан белгілі. Сондықтан да адсорбент қуысындағы қаныққан бу кіші 
қысым кезінде де конденсациялана береді. 
Капиллярлық конденсациямен сорбциялық гистерезис құбылысы жиі байқалады, 
адсорбция мен десорбция изотермаларының бірдей бола бермеуінен адсорбциямен 
салыстырғанда десорбция құбылысы кіші қысымда баяу жүреді. Капиллярлық 
конденсация кезіндегі гистерезис құбылысының пайда болуына физикалық адсорбцияның 
қайтымдылығымен қатар, адсорбент қуыстарының түрі, қисықтығы, бірдей болмауы әсер 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет