ҚОРЫТЫНДЫ
Ландшафтану
–
физикалық
–
географияның
географиялық
ландшафтыларды зерртейтін бір саласы. Бұл терминнің
соңғы кезде регионды
физикалық географияның синонимі ретінде қолданылуы басым болып отыр.
Ландшафттанудың негізгі мақсаты – табиғи және мәдени ландшафты сипаттау,
олардың құрылымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып
табылады. Ландшафтанудың дамуында көптеген ғалымдардың үлесі зор
болды. Ландшафтанудың дамуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы
В.В.Докучаевтың үлкен септігі тиді. Докучаевтан
басқа көптеген ғалымдар
ландшафтану туралы өздерінің пікірлерін ортаға салды. Сол ғалымдардың бірі
Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Ол географиялық кешендердің белгілі
бір аймақта қайталана беретін типтерін де немесе нақтылы бір территориямен
шектелетін аймақтарын да ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін
ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сонымен хх ғасырдың 30
жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада
ұғыну география ғылымына берік енді. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта
ландшафттанудың теориялық мәселесіне қызығушылық арта түсті.
Жетекші
университеттердің оқу жоспарларына «Ландшафттар туралы оқу» курсы
енгізілді.
Территориялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына
биогеографиялық ғылымның кемелдепіп, биоценоз,
биогеоценоз деген
ұғымдардың биогеографияның барлық салаларынан берік орын алуы себеп
болды. Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктер
биогенді, геогенді, энергетикалқ құрамдас бөліктері болып жіктеледі.
Табиғи территориялық комплекс туралы ұғым ғылымға берік
сіңіскекннен кейін ғалымдар оның аймақтық,
типологиялық және оның
құрылысының морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады.
Ландшафты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер
сатыларына қарай жергілікті жер – қоныс – фация деген жүйеге жіктеледі.
Ландшафтану ілімінің басында – ақ Л.С.Берг ландшафтар табиғи
шекаралармен бөлінеді деп айтқан болатын.Ол ландшафт шекаралары
объективті, табиғаттың өз ішінде болады және еріксіз немесе субъективті түрде
жүргізілмеуі керек деп атап айтты. Алайда, іс жүщінде ландшафттанушылар
кеңістіктегі
шекараларды
анықтауда
көп
қиыншылықтарға
кездесті.Көпжылдық ғылыми зерттеулер территориялық
табиғат кешендерінің
шекаралары зоналық және азоналық факторлардың қатар әрекет етуі
нәтежиесінде қалыптасатынан дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасының ландшафтылары таулы және жазықты
аймақтарға жіктеледі.
Қазақстанның 90 пайызын жазық аймақ алып жатыр. Геологиялық –
геоморфологиялық,
радиациялық,
атмосфералық,
циркуляциялық
факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала,
шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші
болды. Бұл территориялық аймақтарда өздеріне тән ландшафтылары таралған.
Қазақстан жерінің 10 пайызын таулы аймақтар алып жатыр. Ландшафт
түзілу факторлары таудың биіктігіне және белгілі
бір ендік немесе бойлық
бойындағы климаттық бөліктерде орналасуына байланысты болады. Жазық
жерге қарағанда тау ландшафтыларының ішкі құрылымы күрделі әрі әр түрлі
келеді. Тауда ландшафтылы зоналар мен белдеулердің бір – бірімен орын
алмасуы жиі кездеседі. Биіктіктегі орнына қарай Қазақстан тауы аласа, биіктігі
орташа және аса биік таулы аймақтардың ландшафтысы болып бөлінеді.
Сонымен қатар геологиялық – геоморфологиялық түзілу жолдары мен неоген –
антропоген
дәуірлеріндегі
даму
тарихы
бойынша
Қазақстан
территориясындағы ландшафтылар сегіз ландшафтылық физикалық –
географиялық аймақ құрайды.
СІЛТЕМЕЛЕР
1
.Исаченко А.Г. « Ландшафтоведение и физико – географическое
районирование » Москва « Высшая школа » 1991 г 32 - бет
2
Морозов Г.Ф. « Исследование лесов Воронежской губернии » Лесной журнал
1911 г № 3 – 4 461 - бет
3
Берг Л.С. « Предмет и задачи географии » Москва 1915 г 471 - бет
4
.Исаченко А.Г. « Основы вопросы физической географии » Москва 1953 г 41
– 44 бет
5
Раменский Л.Г. « Введение в комплексное почвенное и геоботаническое
изучение земель » Москва 1938г 163 - бет
6 Исаченко А.Г. « Ландшафтоведение и физико – географическое
районирование » Москва « Высшая школа » 1991 г 46 - бет
7
Солнцев Н.А. « Природный ландшафт и некоторые его общие
закономерности » Москва 1948 г 38 - бет
8
Клинцува Н.К, марцинкевич Г.Ш, Мотузко А.Н. « Основы ландшафтоведения
» Минск 1986 г 456 - бет
9
.Михайлов Н.И. « Физико – географическое районирование » Москва 1985 г 23
– 24 - бет
10
.Мильков Ф.Н. « Физическая – география. Учение о ландшафте и
географическая зональность » Воронеж 1986 г 85 – 86 - бет
11
Солнцев Н.А. « Природный ландшафт и некоторые его общие
закономерности » Москва 1948 г 221 - бет
12
Исаченко А.Г. « Основы вопросы физической географии » Москва 1953 г49 –
50 - бет
13
.Михайлов Н.И. « Физико – географическое районирование » Москва 1985
г125 – 126 – бет
13
Чупахин В.М. « Основы ландшафтоведение » Москва Агропромиздат 1987 33
- бет
14
.Молдағұлов Н. « Ландшафтану негіздері және Қазақстанның ландшафт
географиясы » Алматы « Рауан » 1994 221 - бет
15
.Молдағұлов Н. « Ландшафт » Алматы « Қазақстан » 1983 ж 66- бет
16
Александрова Т.Д , Преображенский В.С, Куприянова Т.П. «
Основы
ланшафтного анализа
Москва 1988 г 54 - бет
17
Чупахин В.М. « Физическая география Казахстана » Издательство «
Мектеп» Алма – Ата 1968 г 102 - бет
18
Чупахин В.М. « Основы ландшафтоведение » Москва Агропромиздат 1987 65-
66 бет
19
Молдағұлов Н. « Ландшафтану негіздері және Қазақстанның ландшафт
географиясы » Алматы « Рауан » 1994 16 - 18 - бет
20
Молдағұлов Н. « Ландшафттану » Алматы « Қазақстан » 1983 ж 15 – 17 -
бет
21
Берг Л.С. « Предмет и задачи географии » Москва 1915 г