Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет213/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
Әлімов А.қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы – Астана: 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» . 2014. – 188 бет 
2. Н.А.Волгина. Организация, формы и методы проведения учебных занятий и 
самостоятельной работы: требования, условия, механизмы:Учебно методическое пособие / 
Под ред. Н.А.Волгина.Ю.Г.Одегова. –М.:Изд-Рос.экон.акад., 2004–136с 
3. Рысбаева А.Қ. Білім алушылардың оқу-танымдық іс –әрекеті табыстылығын интерактивті 
оқыту арқылы қалыптастыру: Оқу-әдістемелік құрал./ Рысбаева А.Қ., Құлмышева Н.А., 
Исмайлова А.Т.,ТұңғатоваН.Ә. –Алматы,2010– 221б 
4. Абдуллина Г. Интерактивті оқыту таным белсенділігінің қазіргі бағыты./ Абдуллина Г // 
Ұлт тағылымы –2009–№2–36-39б. 
5. Бағиева Ш.М. Интерактивті әдістер – өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі / Бағиева 
Ш.М //- Білім – 2007– №6 –57-60б 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 372.8 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫ МЕН ТІЛІН 
ДАМЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 
Есназар Асель Жаңабергенқызы докторант 
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан
 


598 
Резюме 
В статье всесторонне рассматриваются вопросы развития мысли и речи младших 
школьников, определяются требования к развитию речи. Уточняется содержание понятия 
развития речи и мышления, и анализируются отзывы и исследования ведущих мировых 
педагогов. 
 
Summary 
The article comprehensively discusses the development of thought and speech of primary school 
children, defines the requirements for speech development. The content of the concept of speech and 
thinking development is clarified, and reviews and research by the world's leading teachers are 
analyzed. 
Тіл дамыту мәселесінің тарихы өте терең және бай, өйткені көптеген ғалымдар 
бұл мәселемен ұзақ жылдар бойы айналасып келеді. Бастауыш сынып 
оқушыларының сөйлеу дағдыларын дамыту мәселесін Ы.Алтынсарин 
еңбектерінде, сондай-ақ А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы, 
С.Рахметқызы және т.б. педагог-ойшылдардың ілімдерінде кездестіруге 
болады.
Ы.Алтынсарин оқушылардың ойы мен тілін дамыту, мәтін арқылы баланы 
сөйлеуге үйретудің маңыздылығы туралы өзінің еңбектерінде: «Тілін, сезімін 
дамыту, – дейді ол, – оқушылардың мектепке келгендігі сөз қорын әрі қарай 
байыту, ал ол оқушылардан сабақ пен жаттығулардың әбден ойланған жүйесін 
талап етеді» деп тұжырымдайды [1]. Ұлы педагогтың көзқарасы бойынша 
оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, қазақ тілінің тазалығы мен 
сөздердің қолданылуына да үлкен мән беріп, бала тілін дамытудағы 
түсіндірмелі оқу әдісінің маңыздылығын көрсетті.
А.Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды сөйлеуге үйрету 
мәселесіне қатысты еңбектері мен мақалалары, әдістемелік құралдары 
жарияланды. Оның «Тіл тағылымы» кітабында: «Тіл – адамдық белгісінің зоры, 
жұмсайтын қаруының бірі. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу 
ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге 
болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен 
сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі 
одан да артық», - дей келіп, тілдік қарым-қатынастың жазбаша және ауызша 
сөйлесу түрлері болатынын көрсетті [2]. 
М.Жұмабаев «Ана тілі: бастауыш мектепте» аты еңбегінде оқушылардың 
сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, алдымен, мынадай дағдылар қалыптасу 
керек: «естігенін әңгімеге айналдыру, ойдан шығарып айту, хат жазу, пікірін 
қорғап дәлелмен сөйлей білу, әдеби шығарманың көркемдігін бағалап айту, 
жазуда қатесіз әрі тіл заңдылықтарын ескеріп, ой жүйесін бұзбай нақты, әсерлі 
жазуға дағдылану» [3]. Бұдан шығатын қорытынды оқушынының сөйлеу 
әрекетін дамыту үшін оқушы өзінің алған әсерін айтып және бастан кешкен 
оқиғаларға ойдан әңгіме шығарып үйренуі тиіс. 
С.Жиенбаевтың тіл сабағының басты мақсаты баланың сөйлеу тілін (ауызша, 
жазбаша) дамыту: «Орта мектепке жүктелетін маңызды жұмыстың бірі – 


599 
оқушыларына ана тілінде сөз сөйлеуді үйретіп шығару. «Сөз сөйлеу» деп, сөзді 
ауызша және көбінесе жазба түрде мазмұндай білуді айтамыз»,-деуі соның 
дәлелі. Сонымен бірге ол: «Сөзге дағдыландыру жұмысы оқу мен жазу 
сабақтарымен байланыстырылып оқылатын болған соң, оған бөлек жоспар 
жасаудың қажеті жоқ деп ойлау қате»,-деп ескертті. Оқушының сөз байлығын 
молайту үшін: 1) оқушының сөз сапасын арттыратын; 2) ойлағанын дәлелдеп, 
жүйелеп айтуға дағдыландыратын; 3) дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар 
жүргізу керек деп есептеп, сөйлеуге жаттықтыратын жұмыс түрлерін, оны 
жүргізудің мынадай әдіс-жолдарын да көрсетті: а) қиын сөздердің мәнін сурет 
арқылы түсіндіру; ә) оқушылар сөйлеген уақытта оларға ойын дәл көрсететін 
сөзді тауып айтуға, мүмкін болғанша жәрдемдесіп отыру; б) жаңа сөздерді 
жаздырғанда, тұтас мәтінге сол сөзді ендіруді тапсыру т.б. [4]. 
Р.Әміров тіл дамыту жұмысын ұйымдастыруға мынадай талаптар қояды: 
1. Оқушылардың сөздік қоры мол, бай болуға тиіс. Сөздік қоры оқушының 
ұғымы да кеңейе береді, тілі оралымды болып, пікірін толық жеткізе алады.
2.Оқушылардың сөзі грамматикалық жағынан дұрыс, мінсіз болуға тиіс. 
Сөйлемдегі сөздердің орны, грамматикалық байланысы тілдің заңдарына сай 
болғаны жөн.
3.Оқушылар өз ойын рет-ретімен бір жүйеге түсіріп айта білуі тиіс. Бұлай 
дағдыланбаған оқушы әңгімедегі оқиғаларды еске түсіруіне қарай байланыссыз 
шашыратып айтады да, оның мәні мүлде түсініксіз болып шығады.
4.Оқушылар ойын күмілжітпей, айқын дәл айтуға үйрену керек. Бұл үшін 
айтайын деген ой ұғымына мағынасы дәл келетін сөзді теріп жұмсауға, ойды 
білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерден аулақ болуға, таза сөйлеуге 
дағдыландырылады.
5.Оқушылар сөйлем ішінде ойдың тірегі болып тұрған сөздерді тауып, оған 
логикалық екпін түсіре сөйлеуге, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді, төл 
сөздерді тиісті интонацияға түсіріп сөйлеуге дағдылануы тиісті деп есептейді 
[5]. Автордың пікірін тақырыбымыз тұрғысынан қорытатын болсақ, 
оқушылардың ойы мен тілін дамыту жұмысын ұйымдастыру үшін осы аталған 
бес талапты толықтай басшылыққа алу қажет, - деп санаймыз. Өйткені, қандай 
да бір тіл дамыту жұмысы осындай талаптарды жүргізу арқылы іске асатыны 
белгілі.
Х.Арғынов оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіру мен 
тілдік қорын байытатындай мақсаттағы синтаксистік жаттығулар мынадай 
шарттарға негізделуін талап етті: жаттығулар арқылы құбылысты байқату; 
оқытылып отырған материалды оқушының бұрыннан білетінімен салыстыру, 
өзіндік белгілерін тануға дағдыландыру; бақылау арқылы оқушыларға өз ой-
өрісін қалыптастыру мен ой қорытындысын жасауға баулу; синтаксис пен 
пунктуациядан алған білімін қатысымда қолдана білуге бейімдеу т.б. [6]. Біздің 
тақырыбымыз тұрғысынан талдайтын болсақ, оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
қабілетін қалыптастыру үшін, ойлау қабілетіне әсер ететін сыртқы 


600 
құбылыстарды ажырата білуі мен саралай, салыстыру, ой қорытындысын жасай 
білу қажеттілігін түсінуіне басымдық берілетінін ескеру болып табылады. 
И.Ұйықбаев оқушылардың ауызекі тілін дамыту үшін, ең алдымен 1) олардың 
өзіндік сөздік қорын байыту; 2) әдеби сөйлеудің нормасын, сөйлемді дұрыс 
құрауды үйрету; 3) ойын байланыстырып жүйелі айтып беру дағдылары мен 
машығын қалыптастыруға баса назар аударуды ұсынды [7]. Бұл талаптарға 
байланысты тіл дамыту жүмысының нәтижелі болуы тілдің стилистикасынан 
білім мен дағды беру мен тіл мәдениетін арттыруға байланысты екендігі 
ескеріле бастады.
Р.Сыздықова: «Ең алдымен тіл мәдениетіне үйрету – тілді дұрыс қолдана 
білгізу деп мектептерімізде күні бүгінге дейін тілдің құрылымын теориялық 
тұрғыдан танытуға басты назар аударамыз да, сол теориялық түсініктерді 
тәжірибе жүзіне асыра білу дегенді назардан тыс қалдырамыз [8]. 
Өмір талабына байланысты тіл дамытудың жалпы мәселелерімен бірге 
жекелеген бағыттары бойынша да зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұған 
А.Жапбаров пен Мусинаның «Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту» еңбегі 
жатқызуға болады [9]. Бұл еңбекте алғаш рет қазақ тілі пәнін оқытудағы тіл 
дамытудың ғылыми негіздерін, салалары мен міндеттерін анықтауға қадам 
жасалды. Сондай-ақ фонетика, лексика, морфология және синтаксистен білім 
беруге 
байланысты 
оқушылардың 
тілін 
дамытудың 
әдіс-тәсілдері 
қарастырылды. Авторлар мұғалімнің тілін дамыту жұмысындағы әдіс-
тәсілдерін анықтап, оқушылардың қызметін ұйымдастырудағы жаттығу 
жұмыстарын жүйеледі. 
С.Рахметованың ойынша, «бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың 
мазмұны белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын 
дамытатын сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды 
меңгеру барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне, 
сондай-ақ ойларын ауызша және жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, 
сөйлей білуге үйрету. Сонда осы үшеуі күнделікті өтілетін сауат ашу, 
грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, біртүтас жүргізіліп отырса, тіл 
дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады» [10]. Біз автордың 
тіл дамыту саласын үшке бөліп қарастырған пікірі туралы ойына қосыла 
отырып, оқушылардың тілдік әрекеттерін дамытуда осы үшеуі де қатар іске 
асатындықтан оны басты назарда ұстаймыз. 
Р.Ж.Базарбекова «Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып 
сөйлеуге үйрету әдістемесі» атты кандидаттық жұмысында мәтін арқылы 
жазбаша байланыстырып сөйлеуді дамыту мәселесін қарастырған [11]. Ол 
мәтін құру арқылы жазбаша сөйлеуді жетілдіру, тілін дамыту, тілін ұстарту 
бағытында зерделеді. 
Өзге де шетелдік ғалымдар сөйлеу дағдысын дамыту мәселесіне қызығушылық 
танытып, көптеген еңбектер арнаған. Солардың ішінде атап өтетін зерттеу – 
Түркия ғалымы Фирдевс Гюнеш еңбектері. Ол оқушыларының сөйлеу, ақыл-ой, 
сөйлеу кезінде сөздердің таңдалуы жайында зерттеу жүргізе келе, сөйлеу 


601 
процесінде ақпараттың дұрыс берілуі ойлау және ақыл-ой қабілеттерінің 
дамуына тікелей байланысты екенін айтады. «Ақыл-ой дағдыларының 
дамымағаны ақпараттың берілу тәртібіне және сөз таңдауына кері әсерін 
тигізеді. Мұндай жағдайда берілуі керек хабарлар жеткізілмейді, ал тиімді әрі 
жақсы сөйлеу мүмкін емес. Сөйлеу процесінде сөздерді әсерлі ету үшін ымдау, 
мимика, интонация, екпін сияқты элементтер қолданылады. Сөйлеу процесі 
дене тілі арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, айтылатын сөздерден 
басқа дауыстың қатты болуы, сөйлеу жылдамдығы, тыныс алу режимі, үзіліс, 
бет әлпеті, көздің қимылдары, қалып, адамдар арасындағы қашықтық сияқты 
элементтер де маңызды. Сөйлеу тікелей тыңдаумен байланысты. Балалар 
алдымен қоршаған ортадағы адамдармен сөйлеуді үйренеді. Содан кейін олар 
жеке күш салу және әлеуметтік қарым-қатынас арқылы сөйлеу дағдыларын 
жетілдіреді. Оқушылар өз ойын білдіру, қарым-қатынас жасау, білім алу және 
ақыл-ой құрылымдарын дамыту үшін сөйлеу шеберлігінің пайдасын 
көреді. Сөйлеу сонымен қатар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы, 
талқылауы, бірлесіп шешім қабылдауы және проблемаларды шешудің маңызды 
саласы болып табылады» - деп түсіндіреді де, сөйлеу дағдыларын жетілдіру 
мақсатында проблемаларды шешу және сыныптағы ынтымақтастық сияқты 
сөйлеуге негізделген оқу әрекеттеріне көбірек көңіл аударады [12].
О.Куру 4-ші сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру мәселесін 
зерттесе [13], Курудаоглу және Озбай сөйлеуді зерттеудегі ең маңызды іс-
әрекеттердің бірі - бұл оқылым мен әңгімелеу деп қарастырды. 
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқуышыларының ойы мен тілін дамытудың 
бала өміріне тигізетін пайдасы мен маңызын ұлы педагог ғалымдарымыз өз 
еңбектерінде дәлелдегеніне көз жеткіздік.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар мынадай қорытынды жасауға негіз 
болды: тіл дамытудың негізі – әрекет болып табылады. Тілдік әрекеттің басты 
мақсаты ойлау әрекетін және тілдік сауаттылықты жетілдіру. Сөйлеудің тілден 
айырмашылығы, тілдік құралдар жүйесі емес, коммуникативті байланысты 
шешетін тілдік әрекет екенін байқадық. Оның басты мақсаты тілдік бірліктерді 
зерттеу емес, тілдік бірліктерді ақпараттық мазмұн құруда, ақпаратты мәтін 
түрінде беру және сақтауда қолдану. Олай болса тілдік әрекет ойлау әрекетімен 
бірге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет