3
АЛҒЫ СӨЗ
Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих
ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын
қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм
беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет –
білім
сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез
келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.
Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды
дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта
келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін
жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.
Заманауи білім беру дегеніміз – оқушыны өз пәніңнен ғана оқытып қоймай,
өмірде қадамын нық басуға, қоғамнан
өз орнын адаспай табуға, Абай атамыз
айтқандай «Дүниедегі кетікке кірпіш болып қалана білуге» үйрету. Мұғалімге
берілген жаңа талап: оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып,
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану.
Оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру,
оны тиімді
қолдана
білу
міндеті
тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Педагогикалық
білім берудің заманауи
трендтері» атты профессор-оқытушылардың халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясында білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, оның
саяси, мәдени кеңістіктегі орны, ұлттық және
жалпыазаматтық құндылықтар
төңірегінде ғылыми ой-пікірлер ортаға салынады.
Конференция жұмысы сәтті өтсін.
Елбасы сенімін ақтап, дамыған елдер қатарына жету жолындағы ұлы көште
Сіздерге толағай табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: