589
тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Жас балалардың тілін дамытудың бір
жолы ол - көрнекіліктер пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік проблемалар
туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын
кезінде
баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді
қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да
орындайды. Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-
қатынасқа түседі. Ойынға байланысты кейбір сөздер бірнеше рет қайталанады.
Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына орай ойын-жаттығу деп
атау ғылымда да бар, біз де осы пікірге толықтай қосылып, ойын-жаттығу
терминін қолдану дұрыс деп таптық. Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес
болуы керек: 1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек. 2. Ойын-
жаттығу негізінен сөйлесімдік шарты құрылуы керек. Яғни,
ойынның негізі
саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын болуы керек. 3. Тілдік
қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалаған рөлді таңдай алуы
керек. 5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін
нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл
әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала
өзін еркін ұстайды. Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда
қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация,
иллюстрация. Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың
оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау
әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты
және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын
мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан
мұндай қарым-қатынас
оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті
иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету
қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны
сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастыру, не болмаса екінші бір суретпен
салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер ашық түсті, барлық
оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес
келуі ескеріледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды
әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде
меңгеруге ықпал жасайды. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас
ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол
сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту,
сұрақтаға жауап
беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады. Көптеген
мұғалімдердің
байқауы
бойынша
бастауыш
сынып
оқушыларының
жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі
болып отыр. Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын
алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі
тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді
590
жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға
мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсыновтың: «Тіл дамыту мәселесі тек
қана грамматика заңдарын үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйрету ғана
емес, сөзді тіршілігінде пайдаланып көрсету барысында ғана шешуге болады»,
– деген тұжырымы бұған дәлел бола алады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая
бастаған сайын
бала айналадағы адамдармен, құрбылары мен белсенді түрде
сөздік қарым-қатынас жасайды. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз
ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың
ертегі, аңыз әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы,
жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс
сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық
айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау
қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері
көп.
Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен
бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы –
кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма,
күйтабақтар,
үнтаспалар,
бейнетаспалар,
дидиактикалық
үлестірмелік
жаттығулар, сөздіктер т.б. Қазақ тілі сабақтарында үнтаспаны қосу немесе
бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты
тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды. Сабақ барысында
тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беруге
болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және
оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда
тапқырлық пен ептеліктерін дамытады. Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет
бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес
ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен
жұмыста тақырыпты меңгеру,
бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту,
достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты
орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу, немесе тестер құру
сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау
және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды. Тақырыпты
оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін озат мұғалімдердің іс-
тәжірибесі көрсетіп отыр. Мәселен, үшінші сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен
сабақтың әдістерін қарастырып көрейік. Білім беру саласындағы түбегейлі
өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін
көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: