Еңбек тәрбиесі
– еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс
көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты
: балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек
етуге даярлықтарын, мамандықты саналы тандауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- тәрбиеленушілерді еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға
пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік
қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
- балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық
және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет
көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міндеттер
атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен
ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіндіктері зор. Еңбек тәрбиесінің
құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
3
1
7
«Тәрбие»,
«педагогикалық
процесс»
деген
ұғымдарды
не
байланыстырады жаңғыртыңыз.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру
процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін,
жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған
тәжірибені,
білімді
жас
буынға
тәрбие
процесі
арқылы
береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға
бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі
қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық
көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін
қажетті
жағдайларды
анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан
туатын
объективтік
процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи
және
әлеуметтік
орта
оның
көзқарасын
дамытады.
2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты
— жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте
болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие
мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері
дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру
үшін
қауымның
әдет-ғұрпын,
салтын
үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл
иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл
иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне
бағындырылып,
балаларды
басқыншылық
соғыс
өнеріне
тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері
мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек.
К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс
материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен
салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін
сезімді
біліп,
жоспарлы,
мақсатты
тәрбие
жұмысын
жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның
қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол
ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты.
3
1
8
Арман, сенім, мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының құрамды бөлігі
ретінде дәлелдіңіз.
Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Педагогика
тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен жәнеқұнды тәжірибесі
жинақталған. Жеке тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларына жастардың мемлекеттік және
қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбігейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп
алдында жастардың өздері үшін, сондай – ақ бүкіл қоғам үшін әлеуметтік – адамгершілік
құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру
міндеттері жатыр. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына,
оны қоршаған болмысына және өз — өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен
қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары,
наным – сенімдері, мақсат – мұраттары, таным мен қызмет принцптері, құндылық
бағыттары. Дүниетанымды – қалыптастыру тек жеке тұлғаның ған емес, сонымен қатар
белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің
елеулі көрсеткіші.Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс —
әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принцптерінен тұрады.
Дүниетаным дегеніміз – дүние деген нақты – тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен
қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік – эканомикалық құрылысына,
адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғмдық – саяси қатынастар жүйесіне
қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың
дүниетанымы ғылыми – философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді,
сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде
қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам,
ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы
оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау – болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық
процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез — келген
ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Тұтас – психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым.
Оныңұйытқысы – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы
мақсатты ерік – жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде
қабылдауы. Әрбір адамның дүние танымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды
қызмет — әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани
мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімнің мәнісін ашып, оның өмірлік
ұстанымдарын, ар – ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше
жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың
коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін”
немесе “түсінетін”емес, ол – жеке тұлғаныңішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер
адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары
керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық
күшке айналады. Сенім жеке тұлғаныңқазіргі уақытта іс- әрекетінде басшылыққа алып,
оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім — жеке тұлғаныңөз құндылық бағыттары мен
көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның
сенім жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді
өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық
сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметттік оптимиз мен мақсаттылық сияқты интелектуалды
сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік–жігер – дүниетанымның маңызды элементі.Сенім адамды іс — әрекетке
итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық сана мен шектеліп қана қоймай тәжірибеде
сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау
дегеніміз – адамның білімдерді ,болмыстың құбылыстарын
шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-
жігердісенімді іске асыруға бағыттаудың қаблеті.
Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып
табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның
мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта –
адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір
сатысындағы нақты көрінісі .Әлеуметтік орта қоғадық – экономикалық формация түрінде,
қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына,
тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.
Қоғамдық – экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және
ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын
тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық
формация — әлеуметтік орта-өмір салты –жеке тұлға — дүниетаным ұйытқысы, жеке
тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
Жеке тұлғаның танымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде
ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Мектеп оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі шетелдердегі
қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі
оныңіс -әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие
барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының
бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.
V-VIII сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика
және гуманитарлық пәндерді оқу барысында дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы
қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек туралы қалыптасады, құқықтық санасы, азаматтық
жауапкершілігі тәрбиеленеді. Дүниетанымның қалыптасуы оқытудың өмірмен тығыз
байланысы, оқушыларды еңбек іс — әрекетіне тарту, яғни бұл дидактикалық және
тәрбиелік жағдайлардың бірі.
Оқушыларының өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және
адамгершілік қалып, олардың практикалық іс- әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы
ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегі,
қоғамдық пайдалы іс — әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру өмірлік тәжірибесі артады,
іскерлігі және дағдысы дамиды. Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы
ғылыми білім шеңбері кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам
дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.Олар жинақталған
адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындық іздеуге, өздеріне және
басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |