шәкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген
ерекше махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды. Мұндай
жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын
сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік, кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.
3
1
10
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерін көрсетіңіз.
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі- оқушының ұжданы мен абыройын
сақтай білу, оның психологиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау,
керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу
т.б.
3
1
11
Педагогикалык қызметтің құрылымы мен оның ерекшелігін айтып беріңіз.
Педагогикалық қызмет — педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің,
дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және
шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.
Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының
мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті
жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы
игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. Педагогикалық қызмет үш
моделі:
мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы яғни бұйыру, жазалау,
оқушылардың пікірімен санаспау т.с.с),
толық бостандық педагогикасы, сен тимесең мен тиме принципі яғни либералдық
қарым қатынас негізінде орындалады.
серіктестік педагогикасы. / яғни екі жақты түсіну, келісім, пікір алмасу арқылы
орындалады /
3
1
12
Ғылыми зерттеу әдістері туралы түсініктерге тоқталыңыз.
Ғылыми-зерттеу әдістер: теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Яғни, зерттеу
әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске
асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын
құрайды.Ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады.
Бұл
әдіс
зерттеушіге
алғашқы
мәліметтерді
жинақтау
мен
талдауға
көмектеседі.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек сөзі Empeіrіa
– тәжірибе деген ұғымды береді. Алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуға
болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен құбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау,
көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау;
зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер
жинақтау дегенді білдіреді. Бақылай отырып зерттеуге, алдымен, бақылаушының өзі,
зерттеу нысанасы, бақылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-ақ бақылай отырып
зерттеудің құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар, қажетті құралғылар және өлшеу
құрал-жабдықтары жатады.
3
1
13
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға бекітілетін
біліктілік санаттарын сипаттап жазыңыз.
Жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаты бар педагог қызметкерлер мен оларға
теңестірілген тұлғалар педагог қызметкер мен оған теңестірілген тұлғалардың біліктілік
деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларда
белгіленген біліктілік санаттарының біріне үміткер болуға құқылы. Санаты жоқ педагог
қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар. Педагог-біліктілік санатына теңестіріледі.
Санаттар -
Достарыңызбен бөлісу: