107
Жоғарыда
айтылғандарды
қорыта
келе
Тх1-жасушалырымен
өндiрiлетiн цитокиндердiң негiзгi әсерлерiнiң тiзiмiн келтiремiз:
ИЛ-2:
митогендi эффект: Тх1-жасушаларының (аутокриндi), Т-киллердiң, В-
лимфоциттердiң көбеюi мен дифференцировкасын ынталандырады, осыған
байланысты IgM мен IgG (1, 3) өндiрiлуiн шақырады;
Тх2 түзiлуiн тежейдi, Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн лимфокиндерiнiң
(ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-10) өндiрiлуiн тежейдi.
IFN-
:
макрофагтардың
белсенуiн шақырады, яғни оттектiк жарылыс пен
бактерицидтiк әсердiң
жоғарылауын; қабынуға қарсы цитокиндердiң (ИЛ-
1, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-12, TNF-
, ФУМ) өндiрiлуiн шақыру;
Т-киллерлердiң дифференцировкасын ынталандыру;
NK-жасушаларын белсендiру;
иммуноглобулиндердiң өндiрiлуiн IgM-нен IgG (1, 3) алмасуын шақырады;
Тх2 түзiлуiн тежейдi;
вирустардың репликациясын тежейдi;
iсiк жасушаларының өсуiн тежейдi;
антигентаныстырушы жасуша бетiнде II класс MHC нәруыздарының
экспрессиясын шақырады;
МФ бетiнде Fc-рецепторлардың экспрессиясын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: