Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет273/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Жасанды вакциналар 
Синтетикалық пептидтердi вакцинация үшiн қолдану 
Вакциналардың бұл түрін алу үшін көбiне 
иммунологиялық жағынан 
микробтық және вирустық антигендердің эпитоптарына сәйкес келетiн 
пептидтiк фрагменттердi синтездеу
арқылы жасанды вакциналарды 
алуға болады. Мұндай синтез техникалық жағынан күрделi емес, әрi арзан. 
Иммуногендiктi жоғарылату үшiн пептидтердi Т-тәуелдi антигендердiң 
тасымалдаушысымен конъюгациялайды және адъювант қосады. Ол үшiн 
кейбiр 
жағдайларда 
пептидтi 
фрагменттердi 
мурамилдипептидпен 
байланыстырады. 


Синтетикалық 
пептидтерде 
аминқышқылдары 
қажеттi 
тәртiпте 
орналасса да, оның спонтанды үшiншi құрылымы антигеннiң алғашқы 
конформациясын қайталай алмайды, сондықтан вакцинацияның тиімділігін 
төмендейтiнiн ескеру керек. 
Қазiргi көзқарастар бойынша көптеген нәруызды детерминанттар үзiлiп 
орналасқан, яғни нәруыздың алғашқы қатарында амин қышқылдарының 
қалдықтары бiр-бiрiнен алшақ орналасқан, бiрақ полипептидтiк тiзбектiң 
иiлуi нәтижесiнде олар бiрiгедi. Мұндай жағдайда алғашқы құрылымның 
фрагментi болып табылатын пептидтер детерминантаның бiр бөлiгiн 
имитациялай алады. Мұндай детерминанттарды жасанды жасау мәселесінiң 
шешiмi рентгендi құрылымдық талдау мен бағытталған мутагенез әдiстерi 
көмегiмен үзiлген детерминанттарды анықтауға және олардың құрылымен 
зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары бұл мәселенi антиген 
молекулаларының құрылымын компьютерлiк талдау арқылы шешуде. Осы 
саладағы 
ең 
алғашқы 
зерттеу 
жұмыстарын 
профессор 
Лернердiң 
басқаруымен америка ғалымдары 80-шi жылдардың басында тұмау, аусыл 
және В гепатитiне қарсы жасанды вакциналарды дайындаған кездерi 
жүргiзген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет