Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет62/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Комплемент жүйесі 
ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық 
қорғаныс 
факторларының 
бірі 
болып 
саналады. 
Комплементтің 
компоненттері мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде 
түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және 
олар келесі әсерлерді шақырады (8-ші сурет):
-
микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату; 
-
фагоцитозды күшейту; 
-
лейкоциттерді белсендіру жән оларды қабыну ошағына тарту 
(хемотаксис); 
-
кейбір вирустарды бейтараптау; 
-
иммундық кешендерді шығару. 


61 
Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәруыздары 
аллергиялық және аутоиммундық аурулар, трансплантация мен басқа да 
жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медиаторы болады.
8-ші сурет. Комплемент жүйесінің негізгі қызметтері (Jonatan Brostoff бойынша, 
Clinical immunology, London, 1991) 
Комплемент 
жүйесінің 
барлық 
нәруыздарын, 
тежегіштерін, 
реттегіштерін және рецепторларын белгілейтін біртұтас жіктелу жүйесі 
енгізілген. 
Мәселен, 
комплементтің 
компонентін 
С 
әріпімен 
(ағылшынның complement деген сөзінен) және араб сандарымен 
белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненттер бар, олар С1, С2, 
С3 ... С9. Комплемент компоненттерінің сандық белгіленулері олардың 
ашылу хронологиясына сәйкес келгенiмен активтенуге қатысу тәртібіне 
сәйкес 
келмейді. 
Ферменттік 
ыдырау 
нәтижесінде 
түзілген 
фрагменттерді «а» және «b» әріптерімен белгілейді. Мысалы, С2а, С2b 
және басқа. «b» әріпімен мөлшері бойынша үлкен фрагментін белгілейді 
және ол комплементтің келесі компонентінің ыдырауына қатысады. Ал 
«а» әріпімен белгіленген фрагмент, әдетте, ерігіш түрде кездеседі және 
оның хемотаксисті шақыру қабілеті бар. Біріккен фрагменттер 
ферменттік белсенділігі бар кешендерді түзеді, оларды белгілеген 
жағдайда, кейде жоғарғы жағынан сызықша қояды. Комплементтің 
компоненттеріне арналған рецепторларды CR1, CR2 және т.б. белгілейді 
(ағылшынның complement receptor деген сөзінен). 


62 
Комплементтің нәруыздарын ағзаның көптеген жасушалары өндіреді: 
гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, бүйрек түтікшелері, 
эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. Әртүрлі жасушалар 
комплементтің 
бір 
немесе 
бірнеше 
компоненттерін өндіруі 
мүмкін. 
Комплементтің 90% артық нәруыздары бауырда түзіледі. Бауыр сарысулық С4 
компонентінің негізгі көзі болып табылады, ал С1 компонентi басымырақ түрде 
аш ішектің эпителиінде түзіледі.
Комплемент компоненттерінің түзілуінде басты рөлді макрофагтар 
атқарады, мысалы, макрофагтар С1q, С4, С2, С3, С5 және С6 өндіреді. Осы 
жағдай макрофагтар мен комплемент жүйесі арасында тығыз байланыс бар 
екендігін көрсетеді.
Май тінінде пропердин жүйесінің D және B факторлары, сонымен қатар С3 
компоненті түзіледі. Иммундық жауап кезінде С3 компонентінің лимфоидты 
тіндермен жергілікті өндірілуі мүмкін. Қабыну алды цитокиндері (ИЛ-1, 6 и 
IFN-γ) жедел фазалық нәруыздар қызметін атқаратын комплементтің көптеген 
нәруыздарының түзілуін реттейді. 
Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен 
қатар биологиялық сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет