59
Моноклонды антиденелер бiр изотипке, бiр аллотипке жатады және
оларда бiрдей өзгермелi аймақтары, құрамы және идиотипi болады.
1984 жылдың ақпан айында Г.Келлер мен Ц.Мильтштейн «in vitrо»
моноклонды антиденелер алудың гибридомалық технологиясын ашқан
үшін Нобель сыйлығына ие болған.
Қазiргi
кезде
моноклонды
антиденелердi
дүние
жүзiндегi
фармацевтикалық өндірістерінде шығарады, өйткенi олар иммунологиялық
зерттеулерде маңызды рөл атқарады.
Оларды ерекшелi фенотиптiк
маркерлерi бар жасушаларды iрiктеуде; әр жасушалар бетiндегi
молекулалардың
қызметтерiн
анықтауда;
антигендердiң
күрделi
қоспаларын
талдауда; әр даму кезеңдегi, сонымен қатар, эмбриогенездегі
жасушалардың
антигендiк
құрамын
талдауда
және
тағы
басқа
зерттеулерде пайдаланады.
Кейбір
жағдайда, моноклонды антиденелер қолдануы – бірқатар
ғылыми проблемаларды шешудің бір ғана тәсілі болып келеді. Мысалы,
осы техниканы пайдаланып, идиотиптер (антиденелердің
активті
орталығының антигендік детерминанталары) және иммундық жауаптың
идиотиптік реттелуі туралы ілім дамыған.
Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын
бағалауында,
лимфоциттердiң
субпопуляцияларын
iрiктеуінде
кең
қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы
жедел
лейкоздың
түрiн
дифференциялауында
қолданылады.
Iсiк
метастаздарын
анықтауда,
жасушалық
улармен
конъюгацияланған
иммунотоксин ретiнде қатерлi iсiктердiң бiрнеше түрiнде
арнайы емдеуде
қолданылады. Бұл көптеген қатерлі ісікті емдеуге арналған емде
қолданады. Fc-үзіндісі жоқ мутантты МКА in vitro жағдайында дәрілік
заттардың зарарсыздандыруында қолданады. Мысалы,
дигоксин немесе
басқа дәрілік препараттармен уланғанда.
Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған
моноклонды антиденелер дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның
әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа
арнайы дәрілік препараттарды дайындауында өте перспективті.
Оларды
тышқандардың моноклонды антиденелерінің V-гендері мен адамдардың
иммуноглобулиндерінің
керекті
изотиптік
С-гендерімен
қосып,
дайындайды; ол гибридттік антиденелердің арнайылығы тышқанның, ал
антигендік қасиеті – негізі адамның гендерімен анықталады.
Моноклонды антиденелер
қазіргі кезде зерттеу, диагностикалау және
емдеу мақсаттармен кең пайдалануда және оларды эксперименталды және
клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемi әлде де кеңейеді.
Достарыңызбен бөлісу: