Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-шы сурет. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен



Pdf көрінісі
бет65/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

9-шы сурет. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен
активтенуінің алғашқы кезеңдері 
С4-2 кешені өз кезегінде С3 компонентін активтейтін және 
ыдырататын каталитикалық орталыққа айналады. С3 екі фрагментке 
ыдырайды: С3а – сұйық фазаға өтеді, ал С3b жасуша мембранасымен 
байланысады. С3b фрагменті С5 компонентін ыдырататын каталитикалық 
орталық қызметін атқарады. Активтену нәтижесінде түзілген С5а сұйық 
фазаға өтеді, ал С5b жасуша мембранасымен байланысқан түрінде қалады. 
С5b өте лабилді және ол тек С6 және С7 компоненттерімен 
байланысқан кезде тұрақтанады. С5b67 кешені ерігіш немесе нысана-
жасушаның мембранасымен байланысқан түрінде болуы мүмкін. 
Мембранамен байланысқан С5b67 өзіне С8 бен С9 қосады, нәтижесінде 
С5-9 макромолекулалы кешендер 
түзіледі. Оларды 
мембрананы 
зақымдаушы кешендер 
немесе 
лизистік кешендер 
деп те атайды. С5-9 
лизистік кешендері жасуша мембранасында ошақтық ультрақұрылымдық 
зақымдалуды шақыру салдарынан жасуша лизиске ұшырайды.
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі кезінде 
компоненттердің үрдіске қатысу тәртібі 10-шы суретте берілген. 


65 
 
 
10-шы сурет. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі 
С9 молекуласы перфоринге ұқсас нәруыз. Перфорин сияқты С9 да 
мембрана фосфолипидтерімен байланысқан жағдайда полимеризацияға 
ұшырайды, нәтижесінде цилиндрлік кешендер қалыптасады. Цилиндрлер 
мембрананың бүтіндігін бұзатын саңлаулардың түзілуіне алып келеді. Олар 
арқылы Н
+
, Na
++
және Н
2
О кіруіне мүмкіншілік пайда болу салдарынан жасуша 
осмостық лизиске ұшырайды. С5-9 кешені сұйық фазада да болуы мүмкін, 
бірақ бұл жағдайда оның белсенділігі өте төмен. Бұл жағдай оның құрамында 
сарысулық S нәруызының болуымен түсіндіреді. Аталған нәруыз белсенді С5-9 
кешенінің түзілуіне кедергі жасайды деген болжам бар. Төменгі тығыздықты 
липопротеидтердің де осындай белсенділігі бар. Кейбір тежегіш субстанциялар 
(протектин, гликоферин) мембрана құрамында лизистік кешендермен 
байланысады және жасуша лизисінің жүзеге асуына кедергі жасайды, мәселен, 
жасушаны аутолизден қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет